Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін Мемлекет Президентінің жолдауы 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты. Сондай-ақ әлем пандемияны толық жеңуі үшін, қазіргі таңдағы пандемия алып келген экономикалық-әлеуметтік дағдарысты қалыпқа түсіру үшін қажетті уақыт мерзімдерін айтып өтті.
Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Жолдауда қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндеті, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтары айтылды.
Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.
Қайрат СӘРСЕНБАЕВ,
Шымкент қаласы,
ТЖД Еңбекші ауданы,
ТЖ басқармасының бастығы.