Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары да қоғамдағы келеңсіздіктердің бірі. Әрі ондай оқиғаларда құқықбұзушылық орын алып, адамдардың құқығы бұзылып зардап шегеді. Сол себепті де бұл бағытта да шымкенттік полиция қызметкерлері жан-жақты жұмыс жасауда.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Асқар Егембердиев пен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Перизат Маймақова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша ұдайы түрде іс-шаралар ұйымдастырып, зардап шеккен әйелдерге құқықтық көмек беріп, сондай-ақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған заңға сәйкес, жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Нұсқамаға сай, азамат ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қойылып, онымен 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Яғни, оның тұрғылықты жеріне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып, тексеріп тұрады, профилактикалық сұхбаттар жүргізеді. Құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.