Бүкіл ел аймағындағыдай Шымкент қаласында да пандемиялық ахуалмен күресте карантин талаптарын сақтамай құқық бұзушылықтың алдын алу, оны бұзушыларды құрықтау бойынша белсенді жұмыс жасалуда.
Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
2021 жылдың 17-тамызында түнгі уақытта сағат 22-ден кейін Қаратау ауданы Ақжайық шағын ауданы бойында орналасқан кафелердің бірінде карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Ал қаланың Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мониторингтік топтармен бірге ауданға қарасты территория аумағында карантиндік шектеу шараларын сақтау бойынша адамдар кқп шоғырланған, кәсіпкерлік нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық іс-шара барысында полицейлер мен мобильді топ мүшелері базарлар, қоғамдық тамақтандыру орындары мен дүкендерді аралады. Ол нысандардың иелері мен қызметкерлеріне Шымкент қаласы бас санитарының Қаулысынның талаптары мен ондағы шектеулерді айтып түсіндіріп, оларды қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді. Карантин лалаптарын сақтамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабына сәйкес қарастырылған шаралар қолданылатыны ескертілді.