Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері шымқалалықтардың жайлы да тыныш өмірін сақтауға, қауіпсіздігіне жауап берумен қатар, азаматтардың тап болған құқық бұзушылықтарынан құтқаруға көмектеседі. Кейінгі кезде жиілеп кеткен адамдардың біреудің мүлкін алдап алып, бермей кету, келіскен қаржысын төлемей кету оқиғаларына байланысты полицияға арыздар түсуде. Құқық қорғаушылар азаматтардың мұндай арыздарымен шұғыл айналысып, нәтиже шығаруда.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, әрқайсысының құны 50.000 теңге тұратын, 64 бас қошқарын екі азамат алып, ақшасын кейін береміз деп келісіп, осы уақытқа дейін қаражатты бермей жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді.
Шымкент қаласындағы ендігі бір жағдайда қала тұрғынын біреу жер телімін сатамын деп, ақшасын алдап алып кеткен.2021 жылдың 12-тамызында Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Онда, белгісіз тұлға жер телімін сатамын деп, алдын ала 600.000 теңгесін алып, алдап кеткенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері танымайтын бөгде азаматтарға ақша бермеуге шақырады.