Президенттің ел даму үшін жасалатын қадамдарды қадап тұрып айтуы жұртшылықтың көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, Жолдау өзіндік нақтылығымен, ұғынықтылығымен ерекшеленді. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.
Ел Президенті өз жолдауында, қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті.
Мемлекет басшысы Жолдауда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» негізгі бағдар етіп, ұстануымыз қажеттігіне айрықша тоқталды. Қоғамда көптен бері талқыланып келе жатқан жерге байланысты жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеп, ел Үкіметіне ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеу бойынша нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық бағыты 7 негізге сүйену керектігін меңзеп, экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиістігіне тоқталды.
Ал енді Банк қызметі, Үш тағандай сот, прокуратура, полиция қызметі, Медиацияның ұлттық сипаты және Мемлекеттік қызметшілерге жасалатын іріктеу-қысқарту реформалары өте тиімді шешім болды деп ойлаймын. Себебі, «Саны көп сапасы аз» қызметшілерден гөрі аз болса да сапалы білікті кадрлар қызмет істесе, болашақтағы сыбайлас жемқорлықсыз қызмет пен қоғамның дамуына оң нәтижесін беретініне сенім мол.
Құқық қорғау жүйесін толық реформалаумен қатар, қоғам игілігіне жұмыс жасап жүрген қайраткерлердің назарынан тыс қалмайтын отбасы және бала құқығын қорғау,тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесі, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу жайындағы басым бағыттар кез келген ата-ананың көңілінен шықты деп ойлаймын.
Еліміздегі белең алған жемқорлықпен күресті талдай келе жалғыз ғана ішкі істер мекемесінің қызметкерлері ғана емес, өзін ҚР-ның азаматымын деген кісіде өзінің үлесін қоса алатындығын айтып өтті.
2021 жылдан бастап қос азаматтығы бар қызметкер жұмыстан босатылатыны туралы айтып өтті. Еліміздегі адам саудасының көлеңкелі жағын ашу жұмысын жолға қою мақсатында қоғамдық келісім кеңесінің көмегіне жүгіну керектігін, сонымен бірге саяси реформаларға халықты қатынастыру керектігін айтып өтті. Он бірінші бөлімдері Ұлттың жаңа болмысын құру керетігін, ол үшін ел, азамат мүддесін қорғау басты мақсатымыз деді. Білімсіздік, популизм қазақтың басты дауы деді, Президент.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, құқық қорғау және сот саласында реформалар жүргізу қылмыстың алдын-алу, бұзақылыққа жол бермеу мақсатында полиция, прокуратура сот қызметкерлерінің міндеттерін нақтылау туралы айтылды.
Жолдау барысында Президент елдегі жемқорлықпен күрес мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері енгізілуі керек.
Тоқаев жемқорлық мәселесіне қоғамды тарту маңызды екенін атап өтті.
«Біз мемлекеттік бақылауға балама ретінде қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыруымыз керек. Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырамын. Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыра түсіру керек. Оларды сатып алуларды ұйымдастыратын комиссиялардың жұмысына тарту керек, — деді Тоқаев.
Барлық әрекет халықтың – қазақ елінің әл-ауқатын жақсартуға арналған тиімді жобалар. Біз бұл мақсат-міндеттерге Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып және жүйелі реформалар жүргізе отырып қол жеткізе аламыз деп ойлаймын.
Еркінбек РЫСБАЕВ,
Шымкент қаласы
№60 жалпы орта білім беретін
мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.