• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 26 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

23.04.2021
in Құқық-заң

Қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі ретінде – гендерлік саясат болып табылады. Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Оқи отырыңыз...

Сот төрелігін жүзеге асырудың 2022 жылғы қорытындылары

Сот төрелігін жүзеге асырудың 2022 жылғы қорытындылары

24.01.2023
Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

Мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды

07.10.2022

Тұрғын үй-жайды жалға алудың (жалдаудың) үлгілік  шарты

05.10.2022

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келеді.

Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі. Ол адамдар мен азаматтардың отбасылық – тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын  алу және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет.

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді.

Жалпы әйел заты қазақ қоғамы үшін қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған. Еліміздің де тең жартысы әйел қауымынан тұрады. Бүгінгі таңда әйелдер ошақ басындағы қазанның құлағында емес, денсаулық сақтау, ағартушылық жүйенің, мемлекеттік қызметтің, сондай-ақ, бизнестің де құлағын ұстағанына қарамастан   отбасының жарасымдылығына көп  үлес қосып отырғаны жасырын емес.

Елбасымыздың гендерлік саясатқа көңіл бөлуі жақсы көрсеткіштерге алып келетіні сөзсіз. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеуеті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік дамудың барлық процесстеріне тең дәрежеде қатысатын болады. Осының бәрі елдегі азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететін болады.

Д.АБДУКАРИМОВ,

Еңбекші аудандық сотының бас маманы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?