• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 25 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМДІ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
in Без рубрики
ШЫМКЕНТТЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ОПТИМИЗМДІ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің АБҚО әлеуметтік жобасы аясында «Оңтүстік өңірлерде тілге қатысты және этностық белгілері бойынша ар-намысқа тию мен қорлаудың кез келген түрлеріне жол бермеу» тақырыбындағы ауқымды іс-шаралар кешені өтті. Қоғамдағы өзара түсіністікті арттыруға, этносаралық татулықты сақтауға және жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған бұл бастама өңірдегі қоғамдық келісім жұмыстарының маңызды бөлігі болды.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ 4 320 МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ 4 320 МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАНДЫ

25.11.2026
ШЫМКЕНТТЕГІ №146 «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІНДЕ ЖАСТАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕГІ №146 «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІНДЕ ЖАСТАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

25.11.2026
ШЫМКЕНТТЕГІ №83 МЕКТЕПТЕ «ЖАУАП КЕРШІЛІКПЕН ІС ЖАСА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕГІ №83 МЕКТЕПТЕ «ЖАУАП КЕРШІЛІКПЕН ІС ЖАСА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

25.11.2026

Іс-шараны «ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Мазмұнды кездесу Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің қабырғасында өтіп, оған этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және студент жастар қатысты. Әртүрлі буын мен кәсіби орта өкілдерінің бір алаңда бас қосуы өзекті мәселелерді ашық әрі жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

Бағдарлама аясында «Мәдениетаралық коммуникация – қоғамдық оптимизмді нығайтудың факторы» тақырыбында сараптамалық кездесу ұйымдастырылды. Мазмұнды жиынға университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі Ғани Бесбаев модераторлық етіп, пікірталастың жүйелі әрі сындарлы өтуін қамтамасыз етті.

Кездесу барысында «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» ғылыми-білім беру орталығының директоры Наталья Калашникова, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Әлішер Сатвалдиев, Шымкент қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, қалалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Латипша Асанов және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, өз тәжірибелері мен көзқарастарымен бөлісті.

Сараптамалық кездесуде мәдениетаралық коммуникацияны дамыту, тілдік және этностық белгілер бойынша кез келген кемсітушілік пен ар-намысқа тиюге жол бермеу, қоғамдық келісім мен өзара құрмет қағидаттарын нығайту, сондай-ақ жастар арасында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – қоғамда өзара құрмет пен түсіністік мәдениетін қалыптастыру, кемсітушіліктің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді сарапшылық деңгейде талқылау.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ 4 320 МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ 4 320 МАТЕРИАЛ ЖАРИЯЛАНДЫ

25.11.2026
ШЫМКЕНТТЕГІ №146 «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІНДЕ ЖАСТАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕГІ №146 «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІНДЕ ЖАСТАРДЫ ДЕСТРУКТИВТІ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

25.11.2026
ШЫМКЕНТТЕГІ №83 МЕКТЕПТЕ «ЖАУАП КЕРШІЛІКПЕН ІС ЖАСА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕГІ №83 МЕКТЕПТЕ «ЖАУАП КЕРШІЛІКПЕН ІС ЖАСА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

25.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған