Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылдық округіне қарасты №33 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. ⚖️
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың туындау себептерін түсіндіру, олардың алдын алу шаралары және әрбір әрекет үшін заң алдындағы жауапкершілікті ұғындыру.
Арнайы қатысқан маман:
Кездесуге Сарыағаш аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының заңгері Мирзараймова Ширин Табризовна қатысып, оқушыларға құқықтық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Талқыланған маңызды мәселелер:
🔹 Құқықтық жауапкершілік: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған заң талаптары;
🔹 Буллинг және кибербуллинг: Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік және заңсыз әрекеттердің салдары;
🔹 Заң мен тәртіп: Оқушылардың тәртіпті сақтауы, салауатты өмір салтын ұстануы.
Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың санасына құқықтық мәдениетті сіңіріп, саналы да жауапты азамат болуға тәрбиелеуге бағытталған.
«Заңды білу — заман талабы, заңды сақтау — әр азаматтың парызы!».
#заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК




