Құрметті тұрғындар!
Нашақорлық — адам өміріне үлкен қауіп төндіретін зиянды әдеттердің бірі. Есірткі адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, оның болашағына, отбасы мен қоғамға орны толмас зиян әкеледі. Нашақорлықтың салдарынан жастар білімнен, жұмыстан, жарқын болашақтан айырылып жатады.
Салауатты өмір салтын ұстану — әр адамның басты міндеті. Спортпен айналысып, пайдалы іспен шұғылдану арқылы жаман әдеттерден аулақ болуға болады. Әсіресе жастарға дұрыс тәрбие беріп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды.
Есірткіге “жоқ” деп айтайық!
Өз өміріміз бен болашағымызды қорғайық!
Салауатты өмір — жарқын болашақ кепілі!
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК



