Қазақстанда күн сайын жүздеген сәби дүниеге келеді. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында 227 мыңнан астам жаңа туған нәресе тіркелді, соның 77 мыңнан астамы тек үшінші тоқсанның үлесіне тиеді.
Осы кезеңде Шымкент қаласында 19 542 нәрестенің тууы тіркелді. Дүниеге келген сәбилер саны бойынша қала еліміздің өңірлері арасында төртінші орынға ие болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалы хабарлады.






