Қоғамдық қауіпсіздік – тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, әр азаматтың жауапкершілігі мен өзара құрметіне негізделетін ортақ құндылық.
Қазақстанның жаңа Конституциясының 20-бабында адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайтыны және олардың заңмен қорғалатыны бекітілген. Сонымен қатар ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылыққа немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол берілмейтіні көрсетілген.
Бұл – әр адамның қауіпсіз өмір сүруіне, құрметке ие болуына және зорлық-зомбылықтан қорғалуына қатысты маңызды конституциялық қағида.
Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастар арасында заңға құрмет қалыптастыру бағытында профилактикалық кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Әсіресе, мектептерде, қоғамдық орындарда және отбасыларда өзара сыйластықты дәріптеу, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және құқық бұзушылық туралы тиісті органдарға хабарлау мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Қауіпсіз орта әр адамның құқығы құрметтелген жерде қалыптасады. Ал заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік қоғамның тұрақтылығын нығайтады.
Адам қадір-қасиетін құрметтеу – өркениетті қоғамның белгісі. Қауіпсіздік пен өзара сенім бар жерде даму мен жарқын болашаққа жол ашылады.





