• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 17 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

17.09.2026
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

 Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ 90 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

16.09.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

16.09.2026
ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

16.09.2026

Сессия жұмысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас аудандарының әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессия жұмысын Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді.

Кезекті сессияның күн тәртібінде 20 маңызды мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі болды. Мәселені қарау барысында мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов облыстың өткен жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылдың жеті айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша республикада алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Ол өңірде қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, депутаттық корпус атынан облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жұмысына жоғары баға берілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, сессия барысында Қазығұрт, Төлеби және Түлкібас аудандарына 2025 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаржыға қатысты мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, облыстық ветеринария, білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы жөніндегі есептер депутаттар қарауына енгізілді. Осы мәселелер бойынша тиісті тұрақты комиссиялардың төрағалары зерделеу жұмыстарының нәтижесімен таныстырды. Атап айтқанда, ветеринария саласы бойынша бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мағауия Тұрысбеков, білім саласы бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алмас Салимов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Нұржан Әшіров қосымша баяндама жасады.

Сессияда облыстың алдағы дамуы мен мемлекеттік басқарудың бірқатар бағыттарын қамтитын өзге де маңызды мәселелер депутаттар қарауына ұсынылды.

Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелерін белгілеу мәселелері қаралды.

Бірқатар мәселе облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші және ведомствоаралық органдардың қызметіне қатысты болды. Депутаттар терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізу, «Заң және Тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту, әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту жөніндегі мәселелерді қарады.

Әкімшілік-аумақтық құрылыс және аумақтарды дамыту бағыты бойынша Сауран ауданындағы әкімшілік-аумақтық құрылыстың кейбір мәселелері, ауданның бірқатар елді мекендерін тарату, Арыс қаласының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ Түркістан облысының аумағын қала құрылысына жоспарлаудың кешенді схемасы талқыланды.

Сонымен қатар «Түркістан облысының (Түркістан облысы қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру қағидасына өзгерістер енгізу, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Түркістан облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту мәселелері де депутаттардың қарауына ұсынылды.

Жалпы, депутаттар өз ұсыныс, пікірлерін білдіріп, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Сессия жұмысын қорытындылаған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өзара ықпалдастығының маңыздылығын атап өтті. Облыс басшысы депутаттық корпусқа бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, облыстық мәслихаттың алдағы қызметіне табыс тіледі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

17.09.2026
Қазақстан мен Корея Республикасы арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар меморандумға қол қойылды

Қазақстан мен Корея Республикасы арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар меморандумға қол қойылды

17.09.2026
Тіл мүддесі – ел мүддесі

Тіл мүддесі – ел мүддесі

16.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған