• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 4 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

04.11.2026
in Без рубрики
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Шымкент қаласының Қаратау ауданында 2026 жылдың тоғыз айында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік желісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және әлеуметтік нысандарды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде ауданның бірқатар елді мекенінде инженерлік желілер жаңартылып, жаңа балалар ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар салынып, көшелердің сапасы жақсарды.
Аталған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын Пазылбекұлы баяндады.
Қазіргі таңда 340 мыңнан астам тұрғыны бар Қаратау ауданының жалпы аумағы 19,5 мың гектарды құрайды. Аудан құрамына 19 елді мекен кіреді. Мұнда 897 көше, 33 мыңнан астам жеке тұрғын үй және 668 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Осы аумақтардың барлығында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Ауданда ауыз сумен қамту деңгейі 99 пайызға, электр жарығымен қамту 99 пайызға, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 пайызға жетті. Бұл көрсеткіштерді толықтай 100 пайызға жеткізу үшін нақты жобалар қолға алынған.
Атап айтқанда, Достық тұрғын алабындағы «Теміржолсу Арыс» ЖШС меншігіндегі су жүйелері мемлекет меншігіне қабылданды. Шапырашты тұрғын алабындағы су жүйелерін коммуналдық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Таскен, Сайрам тұрғын алаптары мен Гидрогеолог шағынауданындағы жаңа құрылыс аумақтарын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Электр инфрақұрылымын жаңғырту аясында Сайрам, Мәртөбе, Таскен, Достық тұрғын алаптары мен Қайтпас, Нұртас шағынаудандарында 12,3 шақырым электр желісі ауыстырылып, 9 трансформатор орнату жұмыстары жүргізілді. Ал газдандыруды қамтамасыз ету мақсатында Гидрогеолог, Қайтпас және Нұртас аумақтарында жобалау жұмыстары қолға алынған.
Жылу маусымына дайындық барысында Нұрсәт және Астана шағынаудандарындағы 8 нысанда жалпы ұзындығы 4 932 метр болатын жылу құбырлары жаңартылды. Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 541 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріліп, аудан аумағындағы 281 әлеуметтік нысанның жылыту жүйесі іске қосылды.
Көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында биыл 132 көше мен өткелге асфальтбетон жабындысын төсеу жоспарланған. Бүгінде оның 117-сінде жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар сегіз елді мекенде жалпы ұзындығы 27 шақырым болатын аяқжол құрылысы толық орындалды. Көшелерде жауын-шашын суының жиналуын болдырмау үшін жоспарланған 22 орынға ирригациялық арықтар мен су қабылдайтын құдықшалар орнатылды.
Көшелерді жарықтандыру мәселесінде де оң нәтижелер бар. 2025 жылы аудан әкімдігі ұсынған 534 көшеге жарықтандыру жүйелері орнатылып, көше жарығымен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткізілді. Қазіргі уақытта тұйық көшелер мен өткелдерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.
Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне және балалардың қауіпсіз ортада ойнауына жағдай жасау мақсатында халық қатысатын бюджет жобасы аясында 2026 жылға 49 жоба жоспарланған. Оның 48-і аяқталып, біреуі бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жоспарланған 26 балалар ойын алаңының 25-і пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, үнемделген қаражат есебінен тағы төрт ойын алаңын салу басталды.
Сондай-ақ биыл ауданда бес спорт алаңы мен 10 гүлзардың құрылысы толық аяқталды. Үнемделген қаражат есебінен Нұрсәт шағынауданындағы №200 тұрғын үйдің артында тағы бір гүлзар салынуда. Тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сегіз үйдің қасбетін жарықтандыру жұмыстары аяқталып, 10 көпқабатты тұрғын үйдің 3 500 шаршы метр қасбетіне мурал салынды.
Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аясында Сайрам тұрғын алабындағы көмекші мектеп-интернат-колледжіне арналған 300 орындық жаңа жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. Бұған дейін Тұран шағынауданында №143 және №144, Нұртас шағынауданында №145 жайлы мектептер ашылды. Сонымен қатар Сайрам тұрғын алабындағы №108 және №109 мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту бағытында да бірқатар нәтиже тіркелді. Жыл басынан бері ауданда 380 ана мемлекеттік наградаларға ие болды. Оның ішінде 100 ана «Алтын алқа», 280 ана «Күміс алқа» наградасымен марапатталды.
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 1 031 азамат өтініш білдіріп, оның 804-іне учаскелік комиссия оң қорытынды берген. Өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірушілер саны 35,6 пайызға төмендеген.
Жұмыспен қамту бойынша жылдық жоспар 2 286 азаматты тұрақты жұмысқа орналастыруды көздесе, қазіргі уақытта 2 547 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан. Осылайша жоспар 111,4 пайызға орындалды.
Сонымен қатар биыл аудан аумағындағы 170 көшеге көше атаулары жазылған 10 мың дана тақтайша орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қаратау ауданында жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар инженерлік желілердің сапасын арттыруға, жол инфрақұрылымын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді көбейтуге және әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағытталған. Алдағы кезеңде де негізгі басымдық тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін инфрақұрылымдық жобаларды жалғастырып, әрбір елді мекенде қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға беріледі.

Оқи отырыңыз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

04.11.2026
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

04.11.2026
«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – ел дамуына серпін беретін маңызды бастама

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы – ел дамуына серпін беретін маңызды бастама

04.11.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТТЕРДІ ІСКЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

04.11.2026
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІКТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

04.11.2026
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

04.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған