• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 13 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

13.09.2026
in Қоғам, Құқық-заң, Мәдениет, Руханият
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-сі жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Еңбекші ауданына қарасты Тоғыс, Жыланбұзған және Маятас тұрғын алаптарының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Мұндай ауқымды шаралар шаһардағы қоғамдық келісімді одан әрі арттыру, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және ел ішіндегі ынтымақтастықты нығайтуда айрықша маңызға ие болып отыр.
Кездесудің негізгі мақсаты — «Заң және тәртіп», «Бір шаңырақ астында» тақырыптары аясында жастар тәрбиесі, қолданыстағы заңнамаларды сақтау, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ кереғар діни ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өңірдегі этносаралық татулықты сақтау және өсіп келе жатқан жас ұрпақты кез келген жат пиғылды деструктивті идеялардан қорғау — бұл бүгінгі қоғамның басты міндеттері мен басым бағыттарының бірі болып табылады.
Жиын барысында «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б. Жалмұрзаев, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Т. Бейсембиев, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкері А. Дүйсебекова, қалалық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Р. Қыпшақбаев, сондай-ақ тұрғын алап билері мен жергілікті белсенді азаматтар сөз сөйледі. Сала мамандары мен ел ағалары халық арасындағы өзекті түйткілдерді қозғап, құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері мен оны шешу жолдарын егжей-тегжейлі баяндап берді.
Спикерлер өз баяндамаларында заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау, жалпыұлттық бірлікті нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше тоқталды. Әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығы, саналы түсінігі мен жеке жауапкершілігі мемлекеттің бейбіт, қауіпсіз әрі қарқынды дамуының ең басты кепілі екені ашық айтылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Тұрғын алап жұртшылығы ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтау жолындағы осындай маңызды басқосулардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасқанын қалайтындарын жеткізді. Осылайша, ұйымдастырылған бұл ашық сұхбат алаңы халық пен жергілікті билік органдары арасындағы тығыз әрі сенімді байланысты одан әрі нығайта түсті.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

13.09.2026
ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

13.09.2026
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

13.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

13.09.2026
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

13.09.2026
ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА ЭТНОСАЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

13.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған