• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 25 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен заң үстемдігінің берік негізі

25.08.2026
in Құқық-заң
Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен заң үстемдігінің берік негізі

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, қоғам мен билік арасындағы өзара жауапкершілікті орнықтыратын аса маңызды құқықтық құжат. Сондықтан Ата Заңның қабылдануы мен оның нормаларының мүлтіксіз орындалуы – мемлекеттің тұрақты дамуының басты шарттарының бірі.

Оқи отырыңыз...

ТІЛ — ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ

ТІЛ — ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ

20.08.2026
АБДУЛЛАБАДТА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

АБДУЛЛАБАДТА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

19.08.2026
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

17.08.2026

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы республикалық референдумда қабылданды. Жаңа Конституцияның күшіне енуі еліміздің құқықтық жүйесіндегі маңызды тарихи кезең болып отыр. Қолданыстағы жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырыла бастады.

Конституцияның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде танылуында. Осы қағидат қоғамдағы заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудің берік негізін қалыптастырады.

Құқықтық мемлекет құрудың негізгі тетігі – заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Конституциялық нормалар барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың қызметі үшін ортақ құқықтық бағдар болып табылады. Әсіресе сот жүйесінің қызметінде Конституцияның орны айрықша. Себебі сот төрелігін жүзеге асыру барысында адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әділ шешім қабылдау және заң талаптарын бұлжытпай сақтау – соттың басты міндеттерінің бірі.

Әскери соттардың қызметі де осы конституциялық қағидаттармен тығыз байланысты. Әскери қызмет – мемлекет қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ететін ерекше сала. Сондықтан әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерінің заңмен нақты белгіленуі, әскери ортадағы заңдылық пен тәртіптің сақталуы – мемлекеттің қауіпсіздігі үшін аса маңызды.

Әскери соттар өз құзыреті шегінде әскери қызметшілерге қатысты істерді қарау кезінде заңдылықты, объективтілікті және әділдікті басшылыққа алады. Соттың әрбір шешімі заң талаптарына негізделіп, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Конституцияны құрметтеу – тек мемлекеттік органдардың немесе құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ғана міндеті емес. Бұл – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ата Заң талаптарын білу және сақтау, өз құқығы мен міндетін түсіну, басқа адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – құқықтық мәдениеті қалыптасқан қоғамның басты белгілерінің бірі.

Жаңа Конституцияның қабылдануы – құқықтық мемлекет қағидаттарын одан әрі орнықтыруға бағытталған маңызды қадам. Оның нормаларын сапалы жүзеге асыру мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын, азаматтардың құқықтық сауаттылығын және заңға деген құрметті талап етеді.

Конституция – елдің бүгіні мен болашағын айқындайтын құқықтық тұғыр. Оны сақтау мен нығайту – мемлекеттің тұрақтылығының, қоғамдағы келісімнің және әділеттіліктің кепілі.

Сондықтан әрбір азамат үшін Конституцияны құрметтеу – Отанға деген құрметтің, заңға адалдықтың және ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Г. УСМАНОВА,

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен заң үстемдігінің берік негізі

Конституция – мемлекет тұрақтылығы мен заң үстемдігінің берік негізі

25.08.2026
ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ АРТТЫРУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІ АРТТЫРУ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР

25.08.2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

25.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған