• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

АБДУЛЛАБАДТА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

19.08.2026
in Қоғам, Құқық-заң, Мәдениет
АБДУЛЛАБАДТА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Шымкент қаласы аймақтарында тұрақтылықты нығайту, қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті арттыру бағытындағы кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда, Шымкент қаласына қарасты Абдуллабад тұрғын алабында қоғамдық келісімді, этносаралық татулықты сақтау және халықтың құқықтық әрі діни сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Оқи отырыңыз...

Тұғыры биік туған тіл

Тұғыры биік туған тіл

08.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА, ПОСВЯЩЁННАЯ СБОРНИКУ «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА — ШЫНШЫЛ СӨЗ»

04.09.2026
ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА – ШЫНШЫЛ СӨЗ» ЖИНАҒЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

04.09.2026

Аталған іс-шараның басты мақсаты – елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, азаматтар арасындағы достық байланыстарды нығайту, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және түрлі теріс ағымдар мен түсініспеушіліктердің алдын алу болып табылады. Жиын барысында қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығы, азаматтардың бойында өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ заңнамалық талаптар мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен бірге, кездесуде қазіргі ақпараттық замандағы қауіп-қатерлердің алдын алу, ақпараттық кеңістіктегі тұрақтылықты сақтау және әлеуметтік желілердегі тексерілмеген немесе деструктивті ақпараттарға тосқауыл қою мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мамандар діни мәселелерге қатысты сауатты көзқарас қалыптастырудың және әрбір азаматтың қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін күшейтудің маңызын атап өтті.

Маңызды басқосуға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім эксперті Нұржан Кеңесұлы Әбдікәрім, «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, Шымкент қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, сондай-ақ Абдуллабад тұрғын алабының биі, тәжірибелі медиатор Тұрсын Рахманшиков арнайы қатысып, халықпен ашық пікірлесті.

Кездесуге келген сарапшылар мен сала мамандары тұрғындарға қоғамдық татулықты сақтау, ұлттаралық татулықты нығайту және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеудің маңызын тереңнен түсіндірді. Сонымен қатар, құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, діни сауаттылықты көтеру және отбасылық тәрбиедегі ұлттық дәстүрлердің ролі төңірегінде өзекті пікірлер айтылып, тәжірибелік кеңестер берілді.

Жиын соңында еркін форматта сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан қойылған көкейкесті сауалдарға мамандар жан-жақты, заңнамалық және теологиялық тұрғыдан негізделген жауаптар берді. Тұрғындар өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу, қоғамдық келісім қағидаттарын берік ұстану, аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты сақтау және азаматтар арасындағы өзара түсіністікті одан әрі нығайту бойынша өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тұғыры биік туған тіл

Тұғыры биік туған тіл

08.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Гвардейцы обеспечили безопасность концерта Энрике Иглесиаса в Алматы

07.09.2026
Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Ұландықтар Алматыда өткен Энрике Иглесиастың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

07.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған