• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 21 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БЕС АЙДА 32 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

24.06.2026
in Қоғам
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА БЕС АЙДА 32 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Түркістан облысына 143 100 турист саяхаттап келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайызға артық. Саяхатшылардың 77,8 пайызы – отандық туристер болса, 22,2 пайызын шетелдік қонақтар құрайды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында баяндалды. Сондай-ақ жиын барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен негізгі көрсеткіштері сараланып, алдағы жобалар таныстырылды.
Жиында облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы туризм саласы өңір экономикасының негізгі драйверлерінің бірі екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
– Туристік нысандардағы сервистік қызмет сапасын арттыруды, туристік бағыттарды әртараптандыруды, гидтерді даярлау және қайта даярлау жұмыстарын күшейтуді, инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыруды тапсырамын. Сонымен қатар халықаралық және ішкі туристер ағынын ұлғайту мақсатында өңірдің туристік әлеуетін шетелдік және отандық нарықтарда кеңінен насихаттау, цифрлық платформалар арқылы жарнамалық жұмыстарды жандандыру қажет, – деді облыс әкімі.
Жиында «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының директоры Асқар Абубакировтың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, жыл басынан бері Түркістан облысына 31 823 шетелдік турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,2 пайызға жоғары. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінен келген. Бұл Түркістан облысының халықаралық туристік бағыт ретіндегі тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді.
Өңірдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен табиғи демалыс орындарына келушілер саны да өсуде. Есепті кезеңде табиғи аумақтарда 60 100 адам демалып, көрсеткіш 2,1 пайызға артты. Ал туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 36,3 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсті.
Қазіргі таңда облыс аумағында 11 туроператор, 45 туристік агенттік және 43 сертификатталған гид қызмет көрсетуде. Туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында гидтердің біліктілігін жетілдіру, сервистік мәдениетті қалыптастыру, бірыңғай дерекқор мен гидтерге арналған арнайы чат-ботты дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан халықаралық әуежайы арқылы бүгінде 9 бағыт бойынша тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 7 бағыт – ішкі, 2 бағыт – халықаралық рейстер.
Түркістан облысында оқиғалық туризм де қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 100 мыңға жуық адам қамтылды. Атап айтқанда, Turkistan Night Run халықаралық жүгіру жарысы, Ethno Fashion Show, қолөнершілер көрмелері, TEDx Turkistan конференциясы, бизнес форумдар мен түрлі шеберлік сабақтары өткізілді.
Бүгінде Түркістан облысында туризмді дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, жаңа бастамалар қолға алынуда. Нәтижесінде өңірдің туристік әлеуеті артып, Түркістан халықаралық деңгейдегі тартымды туристік орталық ретінде дамуын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз...

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты

Депутаты маслихата города Алматы ознакомились с деятельностью Национальной гвардии

20.07.2026
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты

20.07.2026
Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда

20.07.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты жүйелі мәселелер қаралды

Түркістанда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты жүйелі мәселелер қаралды

20.07.2026
Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған екі күндік жұмыс қорытындыланды 

Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған екі күндік жұмыс қорытындыланды 

20.07.2026
Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Ұлттық ұланның қызметімен танысты

Депутаты маслихата города Алматы ознакомились с деятельностью Национальной гвардии

20.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған