• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 17 августа, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ ТӘЛІМГЕРДІҢ РӨЛІ КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

15.06.2026
in Без рубрики
БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ ТӘЛІМГЕРДІҢ РӨЛІ КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

Түркістанда дуальды оқыту жүйесін жетілдіру және өндірістегі тәлімгерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған 16 сағаттық оқыту курсы өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған оқыту бағдарламасы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізіліп, дуальды оқытуға қатысушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тәлімгерлерін қамтыды.

Оқи отырыңыз...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

16.08.2026
ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

16.08.2026
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ТАҢДАУ

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ТАҢДАУ

16.08.2026

Курстың екінші күні өндірістегі тәлімгерлік тәжірибені жетілдіру, практикалық кейстерді талдау, коммуникациялық дағдыларды дамыту және тәлімгерлерді сертификаттау мәселелеріне арналды.

«Өндірістегі тәлімгерлік тәжірибе және практикалық кейстер» модулі аясында қатысушылар жұмыс орнында оқытудың нақты жағдайлары мен тиімді шешімдерін талқылады. Сонымен қатар, «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-нің персоналды басқару жөніндегі директоры Айгүл Ташбенбетова өндірістік тәлімгерліктегі озық тәжірибелер мен нәтижелі тәсілдер жөнінде баяндама жасады. Ал «Turkistan Hub» менеджері Бекзат Әбсадық тәлімгерлік оқытудағы инновациялық әдістер мен практикалық модельдерді таныстырды.

Түстен кейінгі бөлімде тәлімгерлердің коммуникативтік және бағалау құзыреттерін дамыту мәселелері қаралды. «Rakhat Group» кәсіпорнының басшысы Төлбасы Бекмырза тиімді коммуникация, мотивация, қақтығыстарды басқару, эмоционалдық интеллект және психологиялық тәсілдер тақырыптарында тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар ашық диалог алаңында пікір алмасып, өндірістегі тәлімгерлік қызметтің өзекті мәселелерін талқылады.

Екі күндік оқыту курсының қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Марапаттау рәсімін Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орынбасары Ербол Әуелбеков жүргізіп, тәлімгерлерге алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

«Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі ең алдымен өндірістегі тәлімгерлердің кәсібилігіне байланысты. Бүгінгі курстың басты мақсаты – тәлімгерлердің білімін жетілдіріп қана қоймай, өндіріс пен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту. Осындай оқыту бағдарламалары арқылы біз еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлауға нақты үлес қосып келеміз. Сертификат алған әрбір тәлімгер өз кәсіпорнында жас мамандарға бағыт-бағдар беретін кәсіби көшбасшы боларына сенімдімін», – деді ол.

Айта кетейік, өңірде дуальды оқыту жүйесі қарқынды дамып келеді. Бүгінде Түркістан облысындағы 36 колледжде дуальды оқыту жүзеге асырылып, мыңдаған студент теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастырып келеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

16.08.2026
Түркістан облысында сайлау қарсаңында уақытша тіркеу учаскелері анықталды: Азаматтардың конституциялық құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

Түркістан облысында сайлау қарсаңында уақытша тіркеу учаскелері анықталды: Азаматтардың конституциялық құқығы қалай қамтамасыз етіледі?

16.08.2026
Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

16.08.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған