• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 20 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

29.05.2026
in Қоғам, Руханият
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қалалық ҚХА жанындағы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері қаладағы №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына арнайы барып, ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
Тағылымы мол шара барысында 25 балаға арнайы сыйлықтар табысталып, оларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Ізгілік пен жан жылуын арқау еткен кездесуде ақжарма тілектер айтылып, балалардың жүзіндегі қуаныш нұры көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Бала — ұлттың болашағы, елдің ертеңі. Сондықтан өскелең ұрпаққа meйірім мен қамқорлық көрсету — барша қоғамның ортақ парызы. Балалардың алаңсыз күлкісі мен бақытты жанары — бейбіт әрі берекелі қоғамның айқын көрінісі.
Халықаралық балаларды қорғау күні — бұл жай ғана күнтізбедегі мерекелік күн емес, бұл ең алдымен ересектер қауымына өскелең ұрпақтың құқықтары мен денсаулығын қорғау, олардың лайықты болашағын қамтамасыз ету жауапкершілігін еске салатын маңызды күн. Әсіресе, тағдырдың жазуымен ерекше күтім мен арнаулы әлеуметтік көмекке зәру болып отырған балаларға қолдау көрсету — қоғамның толысқандығы мен гуманистік құндылықтарының басты өлшемі болып табылады.
Шымкент қаласындағы татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің бұл бастамасы Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаттарының бірі — елдегі бірлік пен ынтымақтастықты, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру идеясымен тікелей үндеседі. Этномәдени бірлестіктер тек мәдени құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, осындай маңызды әлеуметтік және қайырымдылық жобалардың белсенді қатысушысына айналып отыр. Мұндай ізгі істер қоғамдағы мейірімділік пен өзара көмек көрсету мәдениетін жаңа деңгейге көтереді.
Мамандардың айтуынша, ерекше мұқтаждығы бар балалар тәрбиеленіп жатқан орталықтарға бару, оларға тек материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани демеу болу, жылы лебіз білдіріп, уақыт бөлу — балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне оң әсерін тигізеді. 25 бүлдіршінге қуаныш сыйлаған бұл шара өзге де қоғамдық ұйымдар мен кәсіпкерлерге үлгі болары сөзсіз. Қайырымдылық — науқандық шара емес, ол әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің қажеттілігі мен күнделікті өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Сонда ғана біз әрбір бала өзін қауіпсіз, бақытты және қоғамға керек сезінетін берекелі ортаны қалыптастыра аламыз.

Оқи отырыңыз...

АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

АУДАН АУМАҒЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

15.06.2026
Шымкентте Food City көкөніс және жеміс-жидек көтерме логистикалық сауда орталығы ашылды

Шымкентте Food City көкөніс және жеміс-жидек көтерме логистикалық сауда орталығы ашылды

15.06.2026
РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ «СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОЛИДАРНОСТЬ» В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ ЭФФЕКТ

РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ «СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОЛИДАРНОСТЬ» В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ ЭФФЕКТ

14.06.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА 

ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ

19.06.2026
В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА 

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА 

19.06.2026
В ШЫМКЕНТЕ КО ДНЮ ГОРОДА ОТКРЫЛИ ЯПОНСКИЙ ПАРК МЕЖДУНАРОДНОГО УРОВНЯ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

19.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған