• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 22 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

«Заң мен тәртіп» – әскери қызметтің басты қағидаты  

22.05.2026
in Құқық-заң
«Заң мен тәртіп» – әскери қызметтің басты қағидаты   

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» идеологиясы қоғамдағы құқықтық мәдениетті нығайтуға, азаматтардың заңға деген құрметін арттыруға және тәртіп қағидаттарын берік қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Бұл қағидат әскери сала үшін де ерекше маңызға ие.

 Әскери қызмет – жоғары жауапкершілікті, тәртіп пен адалдықты талап ететін сала. Сондықтан әскери ортада заң талаптарын қатаң сақтау, әскери антқа адал болу және қызметтік міндеттерді мінсіз орындау – әрбір әскери қызметшінің басты міндеті. Заң үстемдігі қамтамасыз етілген жерде тәртіп те, сенім де нығая түседі.

 Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әскери қызметшілер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әскери әдеп нормаларын сақтау мәселелері әрдайым басты назарда болуы тиіс. Себебі кез келген құқық бұзушылық әскери ұжымның беделіне ғана емес, жалпы мемлекеттік қызметке деген сенімге де кері әсерін тигізеді.

 «Заң мен тәртіп» қағидаты ең алдымен әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Әрбір әскери қызметші өз әрекетінің заң аясында болуына, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруына мән беруі қажет. Әскери ортадағы тәртіп – мемлекет қауіпсіздігінің маңызды кепілі.

 Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуда профилактикалық жұмыстардың рөлі зор. Ұжым ішінде өзара сыйластықты қалыптастыру, моральдық-психологиялық ахуалды бақылау, қызметкерлердің ұсыныс-пікірлеріне құлақ асу – тұрақты әрі тиімді жұмыстың негізі.

 Заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – өркениетті қоғамның айқын белгісі. Әскери қызметшінің кәсібилігі тек қызметтік міндеттерді орындаумен емес, оның заң талаптарын сақтау деңгейімен де бағаланады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын күнделікті қызметтің басты ұстанымына айналдыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

А.СЕРІКБАЕВ,

Шымкент гарнизоны әскери соты әкімшісінің басшысы.

Оқи отырыңыз...

Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадындағы өшпес ерлік

Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадындағы өшпес ерлік

22.05.2026
Гендерлік теңдік — заман талабы

Гендерлік теңдік — заман талабы

22.05.2026
Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі

20.05.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадындағы өшпес ерлік

Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадындағы өшпес ерлік

22.05.2026
«Заң мен тәртіп» – әскери қызметтің басты қағидаты   

«Заң мен тәртіп» – әскери қызметтің басты қағидаты  

22.05.2026
Гендерлік теңдік — заман талабы

Гендерлік теңдік — заман талабы

22.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған