• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 14 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

14.05.2026
in Қоғам
Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Кейінгі жылдары елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қордаланған мәселелер қоғам талқысының өзегіне айналып отыр. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі, тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы сенім мәселесі, ортақ мүлікке жауапкершілік мәдениетінің әлсіздігі халықты алаңдататын негізгі түйткілдердің біріне айналды. Осыған байланысты «AMANAT» партиясы ел аумағында тұрғындарды толғандырған мәселелерді басты назарға ала отырып, жүйелі әрі нақты шешім әзірлеуге бағытталған форум-семинар өткізуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды басқарудың жаңа моделін қалыптастыру міндетін қойды. Осы тапсырма аясында «AMANAT» партиясы тұрғын үйлерді тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға, тұрғындар мен басқарушы ұйымдар арасындағы өзара сенімді нығайтуға және саладағы ашықтықты арттыруға бағытталған «TURGYNDAR AMANATY» жобасын іске асыруда. Аталған жоба аясында Шымкент қаласында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты форум-семинар өтті.
Форум жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, салалық сарапшылар, сондай-ақ мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты.
Жиынды ашқан қала басшысы Ғабит Сыздықбеков форумның негізгі мақсаты тұрғын үй қорын басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді ашық талқылап, оны жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу және алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындау екенін атап өтті.
«Бүгінде қалада азаматтарды алаңдатып отырған мәселелерді шешуге бағытталған тұрғын үй реформасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – мүлік иелері бірлестігі мен тікелей бірлескен басқару тетіктерін жетілдіру. Бұл қадам тұрғындардың өз үйіне деген жауапкершілігін арттырып, тиімді басқару мәдениетін қалыптастыруға негіз болады. Мұндағы басты мақсат – әрбір тұрғын үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру», – деді ол.
Сондай-ақ ол тұрғын үй қорын жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасы әзірленіп, инвесторларды тарту жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл бастама аясында қаладағы апатты үйлердің орнына заманауи тұрғын үй кешендерін салу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Жиын барысында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев «TURGYNDAR AMANATY» жобасының мән-маңызына тоқталып, оның аясында жүзеге асырылатын нақты бастамаларды атап өтті.
«Елімізде Президент тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қоғам үшін стратегиялық маңызға ие реформалар жүйелі жүзеге асырылуда. Себебі бүгінде азаматтарды толғандырып отырған көптеген мәселе дәл осы салаға қатысты. Аула тазалығы, лифт жұмысы, жарықтандыру, қауіпсіздік, интернет сапасы, тұрғын үйлердің жай-күйі – мұның барлығы халықтың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін факторлар. Бұл саладағы мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Сондықтан партия азаматтардың сұранысы негізінде нақты жұмыс істейтін «TURGYNDAR AMANATY» жобасын қолға алды», – деді партия Хатшысы.
Сондай-ақ Ержан Жылқыбаевтың мәлімдеуінше, партияның мәслихат депутаттары тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, көтерілген мәселелерді жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешуге ықпал етпек. Бұдан бөлек партия филиалы мен тұрғын үйлерді басқарушы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту үшін арнайы меморандум әзірленеді.
Өз кезегінде халық қалаулысы Болатбек Нажметдинұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы реформалар кезең-кезеңімен жетілдіріліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, заңнамаға енгізіліп жатқан өзгерістер тұрғындардың, МИБ, ПИК және басқарушы компаниялардың нақты ұсыныстары негізінде қабылдануда.
«Біздің басты мақсатымыз – көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың ашық әрі тиімді жүйесін қалыптастыру. Тұрғындар жиналған қаражаттың қайда жұмсалатынын нақты біліп, басқару процесіне тікелей қатысуы қажет», – деді депутат.
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкент қаласында атқарылған жұмыстарға да ерекше назар аударылды. Кейінгі үш жылда өңірде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында 170-тен астам жаңа нысан салынған, сондай-ақ 49 саябақ және 437 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген. Бұдан бөлек 71 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өткен. Биыл тағы 16 көпқабатты үйді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.
Іс-шара соңында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында белсенді жұмыс істеген бірқатар азамат «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті.

Оқи отырыңыз...

Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Прозрачность и ответственность в жилищной сфере: в Шымкенте прошел форум «TURGYNDAR AMANATY»

14.05.2026
Тараз төріндегі тағылымды басқосу: Аналар кеңесінің халықаралық форумы

Тараз төріндегі тағылымды басқосу: Аналар кеңесінің халықаралық форумы

14.05.2026
СОЗАҚ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

СОЗАҚ АУДАНЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

14.05.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Прозрачность и ответственность в жилищной сфере: в Шымкенте прошел форум «TURGYNDAR AMANATY»

14.05.2026
Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

Тұрғын үй саласындағы ашықтық пен жауапкершілік: Шымкентте «TURGYNDAR AMANATY» форумы өтті

14.05.2026
«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында рейтингтік әдістеме талқыланды

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында рейтингтік әдістеме талқыланды

14.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған