• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 26 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістанда қауіпсіз бизнес-ортаны дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

30.03.2026
in Басты ақпарат
Түркістанда қауіпсіз бизнес-ортаны дамытуға арналған меморандумға қол қойылды

Түркістанда Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салалық кеңесінің кәсіпкерлікті дамыту және қауіпсіз бизнес-ортаны қалыптастыру бағытында маңызды кездесуі өтті. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында Төтенше жағдайлар департаменті мен кәсіпкерлік қауымдастық өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

25.06.2026
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды   

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды  

25.06.2026
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

25.06.2026

Құжаттың мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және бизнеске қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау. Тараптар осы бағытта бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуге келісті.

Меморандум аясында кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Бұл олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қызмет алу процесін жеңілдетеді.

Сонымен қатар, құрылыс нысандарын салу және пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Бұл адам өмірі мен мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жиында мемлекеттік қызмет көрсету ашықтығын арттыру, қоғамдық бақылауды дамыту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері де талқыланды. Сондай-ақ, өзара іс-қимылға кедергі келтіретін проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдары қарастырылмақ. Жаңадан салынған немесе жаңғыртылған нысандарға қатысты арыз-шағымдар бірлескен комиссияда қаралады.

Меморандумда кәсіпкерлер үшін маңызды норма да қарастырылған: мемлекеттік органдар тарапынан заңда көзделмеген артық талаптар қоюға және негізсіз құжаттар сұратуға жол берілмейді.

Жиын барысында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев құжаттың маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Бұл меморандум – кәсіпкерлер үшін қауіпсіз әрі ашық орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадам. Негізгі мақсат – бизнеске кедергі келтіретін артық талаптарды азайту», – деді ол.

Құжат бір жыл мерзімге жасалып, тараптардың келісімімен ұзартылуы мүмкін.

Жиынға қатысушылар бастама өңірде тұрақты және қауіпсіз бизнес-ортаны қалыптастыруға оң әсер етеді деген сенім білдірді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

25.06.2026
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды   

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды  

25.06.2026
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

25.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған