• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 10 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Асхат Аймағамбетов қоғам кең талқылаған Конституция жобасының баптарын түсіндірді

25.02.2026
in Басты ақпарат
Асхат Аймағамбетов қоғам кең талқылаған Конституция жобасының баптарын түсіндірді

Мәжілісте AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция жобасындағы қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптар жөнінде мәлімдеме жасады.

Оқи отырыңыз...

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

09.05.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ОҢ ӨСІМ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

08.05.2026
«Шексіз әлем»: Кентауда инклюзивті жұмыспен қамту құралдары қаралды

«Шексіз әлем»: Кентауда инклюзивті жұмыспен қамту құралдары қаралды

08.05.2026

Асхат Аймағамбетов мәлімдемесінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, жаңа Конституцияны талқылағанын жеткізді. Коалицияның мүшелері тоғыз өңірде мыңдаған кездесу өткізген. Депутат та коалиция мүшесі ретінде бірнеше өңірді аралап қайтқан.

«Бір мәселені ашық айтуымыз керек, тек соңғы 7 жылда еліміз отыз жылда ойға келмеген, іргелі және маңызды өзгерістерді бастан өткерді. Президенттің бастамасымен төрт саяси реформалар пакеті, жүзеге асты. Оған қоса, 2022 жылы қабылданған конституциялық реформаның орны ерекше. Бірақ соңғы жылдардағы, елдегі ғана емес, әлемдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі, жасанды интеллект дәуірінің басталуы, мемлекеттің басты құжатын, қайта қарауды өзекті етті», — деді Мәжіліс депутаты.

Асхат Аймағамбетов былтыр қолданыстағы Конституцияның 30 жылдығын атап өтілгеніне тоқталып, отыз жылда оның қанша өзгертулер мен толықтыруларды бастан кешіргенін білетін заңгерлер Ата заңның жаңадан қабылдануын қолдап отырғанын жеткізді.

Ол кездесулерде көтерілген негізгі сұрақтарға тоқталып өтті. Депутат халықты мазалаған тақырыптың бірі – білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету мәселесі екенін айрықша атап өтті.

«Жекелеген азаматтар тарапынан,«халықтың білім алу, дәрігер көмегіне жүгіну сияқты әлеуметтік сұранысы, енді тек ақылы түрде болады-мыс» деген жаңсақ, яғни фейк ақпарат айтылуда. Ал шын мәнінде, Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған, және бола да береді. Бұл Жаңа Конституция жобасында да шегелеп жазылған. Оның айқын көрінісі – мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталатындығы. Сонымен қатар, Ата заңның 1-бабы «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқындайды. Жаңа Конституция жобасында,бұл қызметтер де ақы төлемей алатын қызмет деп анық жазылған, сәйкесінше денсаулық сақтау мен білім беру саласында азаматтардың мүмкіндіктері одан сайын кеңейеді деп айта аламыз. Бұл қызметтер ақысыз деп айтылғанымен, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді және болашақта да солай болады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Ол қолданыстағы Конституцияда жазылған, «мемлекеттік» жоғары оқу орындары деген сөзді алып тастауды дұрыс шешім деп бағалады.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік гранттар арқылы, студенттер тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім ала алады. КИМЭП, Мақсұт Нәрікбаев Университеті, Тұран сияқты университеттер жеке меншік болса да, грантты ұтып алған студенттерімізде сол университеттерде де грантпен оқуға мүмкіндіктері болуы тиіс. Осылайша, ұсынылып отырған нормалар, аталған әлеуметтік кепілдітерді қысқартуға емес, оларды негізгі заңда заманауи әрі нақты түрде бекітуге бағытталған», — деді Мәжіліс депутаты.

Ол азаматтардың негізгі әлеуметтік қызметтерді ақысыз алу жөніндегі барлық бұрынғы кепілдіктері толық көлемде сақталатынын атап өтіп, мұны да халықпен кездесулерде егжей-тегжейлі түсіндіргеніне тоқталды.

«Жаңа Конституция жобасында сөз бостандығы айқын бекітілген. Және де сын айту құқығы мен адамның қадір-қасиетін әдейі қорлау ұғымдарының ара жігі нақты ажыратылған. Лауазымды тұлғаларды сынауға, олардың қызметіне қатысты жағымсыз пікір білдіруге болады. Біз де бұл жерде біршама лауазымды тұлғаларды қатты сынаймыз. Ол дұрыс. Дегенімен, ешкімді кемсітуге, қорлауға болмайды. Әр адамның ар-намысын мемлекетқорғауы керек деген қағида –маңызды. Негізі, егер мұқият қарасақ адамның абыройы мен ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықты насихаттауға тыйым салу, қолданыстағы заңнамада бұрыннан бар», — деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат тағы бір мәселе – арнайы құқықтық режим енгізуге тоқталды. Оның пайымынша, арнайы құқықтық режимдерді Конституция деңгейінде бекіту – елдің экономикалық егемендігін күшейтуге бағытталған қадам. Мұнда мемлекеттің унитарлығы және де мемлекеттің толық бақылауы сақталады.

«Жалпы, бұл жүйе, инвесторларға заманауи жұмыс орындарын құру, қолайлы көлік желісін дамыту және инженерлік инфрақұрылымды салу міндетін жүктейді. Яғни ол өз кезегінде, тиісті өңірлерде, халықтың өмір сапасының тікелей жақсаруына әкеледі. Арнайы режим– ірі жобалар үшін техникалық кепілдік. Алатау қаласы немесе Астана қаржы орталығы деңгейіндегі жобалар, ұзақ мерзімді және ауқымды инвестицияларды талап етеді», — деді депутат.

Сөз соңында Асхат Аймағамбетов Жаңа Конституцияда – заман талабына жауап беретінін, прогрессивті қоғамның сұранысына сай келетінін, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды нормалар қарастырылғанын мәлімдеді.

Ол референдумға аз уақыт қалғанын еске салды. Сондай-ақ, ауыл-аймақты аралап, халықпен кездесіп жүрген басқа әріптестерін, Парламент мінбері арқылы қоғамдық пікірге талдау жасап, азаматтарды толғандыратын мәселелерге өз бағыттары бойынша түйінді мәлімет беруге шақырды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

09.05.2026
МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

День Победы в Шымкенте: память, благодарность и уважение ветеранам

09.05.2026
МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

МАЙДАНГЕРЛЕР РУХЫНА ТАҒЗЫМ: ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

09.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған