• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 13 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолдану – әділдіктің маңызды кепілі

30.01.2026
in Құқық-заң

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірліктің және мемлекеттіліктің басты нышандарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын бекітілген. Бұл қағида барлық мемлекеттік органдармен қатар, сот жүйесінде де толыққанды іске асырылуы тиіс.

Оқи отырыңыз...

ҚҰРЫЛТАЙ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АСТАНАДА САРАПШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚҰРЫЛТАЙ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АСТАНАДА САРАПШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

08.07.2026
Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

Конституционная реформа в Казахстане: новые институты власти и расширение участия граждан

08.07.2026
Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

08.07.2026

Сот жүйесі – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды билік тармағы. Сондықтан сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану тек заң талабы ғана емес, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыратын маңызды фактор болып табылады.

Әрбір азаматтың өз ана тілінде немесе өзі білетін тілде сотқа жүгінуіне, өз ойын еркін жеткізуіне құқығы бар. Мемлекеттік тілде сот төрелігінің жүзеге асуы азаматтардың сот процесіне толыққанды қатысуына мүмкіндік береді. Тілді білмеу немесе түсінбеу азаматтың құқығын шектеуге әкелмеуі тиіс.

Соттарда мемлекеттік тілде іс жүргізу – әділ соттың ажырамас бөлігі. Заң нормалары, сот шешімдері мен қаулылары азаматқа түсінікті тілде ұсынылғанда ғана әділдік өз мақсатына жетеді.

Бүгінгі таңда сот органдарында мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құжат айналымы, сот отырыстары, азаматтарды қабылдау, құқықтық түсіндіру жұмыстары мемлекеттік тілде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, сот қызметкерлерінің мемлекеттік тілді кәсіби деңгейде меңгеруіне ерекше көңіл бөлінуде.

Судья ретінде тәжірибеде байқалатыны – сот отырысының мемлекеттік тілде өтуі тараптардың сот процесіне деген белсенділігін арттырады, олардың құқықтары мен міндеттерін толық түсінуіне жол ашады.

Соттағы мемлекеттік тілдің қолданылуы – сот мәдениетінің деңгейін көрсетеді. Заң терминологиясын дұрыс, сауатты қолдану, ресми құжаттардың тілдік сапасын арттыру – сот жүйесінің беделін көтереді. Бұл бағытта судьялар мен сот қызметкерлері үлгі көрсетуі тиіс.

Мемлекеттік тілді құрметтеу – заңды құрметтеумен тең. Өйткені заң халыққа жақын, түсінікті тілде сөйлегенде ғана оның құндылығы артады.

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілді қолдану – құқықтық мемлекеттің маңызды көрсеткіші. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, қоғамдағы сенімді нығайтады. Судья үшін басты мақсат – әділдік орнату. Ал әділдікке жетудің бір жолы – мемлекеттік тілде ашық әрі түсінікті сот төрелігін жүзеге асыру.

Тілі биік елдің – төрелігі де биік.

Мемлекеттік тіл – сот әділдігінің сенімді тірегі.

Ж.ТУЛЕНОВА,

Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Возвращенные активы в Туркестанской области используются на благо общества

Возвращенные активы в Туркестанской области используются на благо общества

10.07.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10.07.2026
«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

10.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған