• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 14 декабря, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025
in Басты ақпарат

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі республикалық көрме-жәрмеңкесі – «Бір ауыл – бір өнім» басталды. Іс-шара Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 12–13 қараша күндері Қазмедиа орталығында өтуде.

Оқи отырыңыз...

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

12.12.2025
Қытайлық инвесторлар Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында: энергетика саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

Қытайлық инвесторлар Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасында: энергетика саласындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды

08.12.2025
Түркістан облысының кәсіпорындары 2025 жылғы ұлттық байқауларда үздік атанды

Түркістан облысының кәсіпорындары 2025 жылғы ұлттық байқауларда үздік атанды

05.12.2025

Көрмеге еліміздің 20 өңірінен 50 финалист қатысып, табиғи тағам өнімдері, қолөнер бұйымдары, тоқыма, косметика және ауыл шаруашылығына арналған инновацияларын ұсынуда.

Биылғы жәрмеңкеде Түркістан облысынан «Бақыт» жеке кәсіпкер жетекшісі Ибраев Бақыт финалистер қатарында. Кәсіпкердің «Кентау шұжығы» жобасы 2025 жылғы финалға өткен үздік бастамалардың бірі болды.

Бақыт Ибраевтың айтуынша, жоба жергілікті ет өнімдерін экологиялық таза тәсілмен өңдеуге және ұлттық тағам мәдениетін сақтауға бағытталған:

«Шұжық өнімін өзіміздің табиғи шикізаттан дайындаймыз. Мұндай жәрмеңкелер – ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен қолдау. Өнімімізді кеңінен таныстырып, жаңа серіктестермен байланыс орнатуға мүмкіндік бар», – дейді кәсіпкер.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы 2021 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты – жергілікті шикізаттан өндірілетін өңірлік өнімдерді дамыту, ауыл кәсіпкерлерін қолдау және оларды ішкі және халықаралық нарықтарға шығару.

Биыл жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 181,7 млн теңге бөлінген. Жоба халықаралық тәжірибеге негізделіп, елдің ерекшелігі ескерілген. Ауыл кәсіпкерлері үшін бұл үлкен мүмкіндік.

2024 жылы бағдарлама жаңа бағыттармен толықты: ағаш өңдеу, тағам өнеркәсібі, косметология және сүт өнімдерін өңдеу салалары қосылды. Еліміздің 20 өңірінде өткен көрмелерге 805 өндіруші қатысып, 210 өнім түрі іріктелді. Соның нәтижесінде 57 жаңа бизнес нысаны ашылып, кәсіпкерлер жалпы сомасы 229,8 млн теңге көлемінде грант иеленді.

Биыл наурыз айында жобаның 14 өңірден келген финалистері Астанада өткен «Наурыз базары» жәрмеңкесінде өз өнімдерін таныстырып, үздік өндірушілердің бірі FOODEX JAPAN 2025 халықаралық көрмесіне жолдама алған болатын. Сол кезде қазақстандық бал мен Алтай шайы шетелдіктердің зор қызығушылығын тудырғаны есте.

8 қазан күні Алматыдағы Жасыл базарда алғашқы тұрақты сауда нүктесі – «Nomad Bazaar» ашылды. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген ауыл кәсіпкерлерінің үздік өнімдері ұсынылды. Алдағы уақытта жоба аясында онлайн-сатылым жүйесі мен жеке веб-сайт іске қосылмақ. Бұл ауыл кәсіпкерлеріне өз өнімдерін бүкіл елге, тіпті шетелге де таныстыруға мүмкіндік береді.

Көрмеде ұлттық дәстүрді дәріптеген ауыл шеберлерінің еңбектері де ерекше көзге түсті. Табиғи материалдан жасалған бұйымдар мен көне тәсілмен өңделген өнімдер көрермендердің ерекше қызығушылығын оятты.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев өз пікірін білдірді:

«Біздің өңірдің кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласында белсенділік танытып келеді. “Кентау шұжығы” жобасы соның айғағы. Мұндай бастамалар тек өңірдің емес, ел экономикасының да дамуына үлес қосады. Палата тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету әрі олардың өнімдерін ілгерілету жұмысы жалғаса береді», – деді ол.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы – өңірлік экономиканы дамытуға және қазақстандық өнімнің халықаралық беделін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Осы қатарда Түркістан облысының «Кентау шұжығы» жобасы да ұлттық брендке айналар күн алыс емес.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

16 желтоқсан күні Шымкенттік ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

12.12.2025
ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ

12.12.2025
ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ

ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ

12.12.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған