• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 16 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Конституциялық сот пен соттардың шешімдерінің орындалуы – заң үстемдігінің кепілі

22.09.2025
in Құқық-заң

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің ең жоғарғы құқықтық күші бар Негізгі Заңы. Оның талаптары бүкіл құқықтық жүйенің іргетасы болып табылады. Конституцияда бекітілген қағидаттардың жүзеге асуы, ең алдымен, сот органдарының қабылдаған шешімдерінің уақтылы және толық орындалуына тікелей байланысты.

Оқи отырыңыз...

Конституцияға енгізілген өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

Конституцияға енгізілген өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

15.07.2026
ҚҰРЫЛТАЙ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АСТАНАДА САРАПШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

ҚҰРЫЛТАЙ ЖӘНЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: АСТАНАДА САРАПШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

08.07.2026
Жаңа Конституциядағы азаматтардың белсенділігін арттыру мәселесі түсіндірілді

Конституционная реформа в Казахстане: новые институты власти и расширение участия граждан

08.07.2026

2023 жылдан бастап елімізде Конституциялық сот жұмысын бастады. Бұл орган азаматтардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарау арқылы Конституцияның тікелей әрекетін қамтамасыз етеді. Конституциялық соттың қабылдаған шешімдері түпкілікті болып табылады және барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, ұйымдар мен азаматтар үшін міндетті.

Конституциялық сот пен жалпы соттардың шешімдерінің орындалуы нені білдіреді?

Біріншіден, ол – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты қорғалуы. Егер сот шешімі қағаз жүзінде қалып қойса, әділдік жүзеге аспайды.

Екіншіден, ол – мемлекеттік биліктің беделі мен заңға деген құрметтің көрсеткіші. Сот актісінің орындалмауы заңның үстемдігін әлсіретеді.

Үшіншіден, сот шешімдерінің орындалуы қоғамда әділдік пен тұрақтылықты нығайтады.

Сот актілерін орындаудың негізгі тетіктері:

• Атқарушылық іс жүргізу органдарының жұмысы;

• Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметі;

• Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заң алдындағы жауапкершілігі;

• Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен заңға құрметі.

Сот шешімдері – жай ғана қағаз емес, ол мемлекет атынан шығарылған міндетті құқықтық акт. Әрбір мемлекеттік орган, лауазымды тұлға және азамат оны құрметтеуі әрі орындауы тиіс. Бұл – құқықтық мемлекет қағидатының басты талабы.

Сот билігінің әділ әрі мызғымас болуы – баршамыздың ортақ мүддеміз. Конституциялық сот пен жалпы соттардың шешімдерінің орындалуы арқылы заң үстемдігі қамтамасыз етіліп, әділетті қоғамға қадам басамыз. Әрбір азамат өз құқығының қорғалғанына сенімді болғанда ғана елде шынайы құқықтық мәдениет қалыптасады.

Г.ЕРНАЗАРОВА,

Шымкент қаласы

мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫТАЙДЫҢ ІРІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСҚАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ АЛМАСУ РӘСІМІ ӨТТІ:

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ АЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ИННОВАЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

16.07.2026
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

16.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған