• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерейік

27.03.2025
in Құқық-заң
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерейік

Тіл – мемлекеттің негізі, халықтың рухани байлығы, өткен мен болашақтың айқын бейнесі. 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін қамтамасыз ету үшін «Тіл туралы» заң қабылданды. Егемендігімізді алғаннан кейін, 1995 жылғы Конституцияның 7-бабында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп белгіленді.

Оқи отырыңыз...

Әкімшілік істер бойынша процестік мәжбүрлеу шаралары

30.06.2025
ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

26.06.2025
Кассациялық соттардың ерекшеліктері – цифрландыру және инновация

Кассациялық соттар туралы

25.06.2025

Одан кейін, 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республикадағы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздері анықталып, барлық тілдерге бірдей құрмет көрсетілді, сонымен қатар мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесі бекітілді.

Біздің «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын біріктірудің маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті» деп атап көрсетілген.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттік тіл мемлекет аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында, соның ішінде мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі ретінде бекітілді. Бұл заң республикада тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін және мемлекеттің тілдерді дамытуға арналған міндеттерін айқындады. Аталған заң барлық тілдерге тең құрметпен қарауды қамтамасыз етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін бекітті.

Туған тіліміздің қадірін арттыру – әр адамның қасиетті міндеті. Біздің ұлттық келбетіміз бен мәдениетіміз осы тіл мен дәстүрлерімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын білімді, іскер, отаншыл және ұлтжанды тұлғалар етіп тәрбиелеуде мемлекеттік тілдің рөлі өте маңызды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының негізінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында көптеген шаралар қолға алынып, бағдарламалар әзірленуде. Қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер мен кешенді бағдарламалар қабылдануда.

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясы жыл сайын артып келеді. Ана тілімізді сот саласында нығайту және оның беделін көтеру мақсатында жергілікті соттарда іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіліп, құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыру үшін ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Кіріс-шығыс, ішкі құжаттар, жедел кеңес хаттамалары, жоғары сатыдағы соттармен және басқа мемлекеттік мекемелермен хат алмасу тек мемлекеттік тілде рәсімделуде.

Мемлекеттік тілді дамыту мен беделін нығайтуға еліміздің әрбір азаматы белсенді қатысуы қажет. Тек солай ғана еліміздегі мемлекеттік тілдің мәртебесі арта түседі. Мемлекеттік тілді барлық салада белсенді пайдаланып, оның қолдану аясын кеңейту – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Сұлтанбек СИЕЗ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі

ауданаралық сотының бас маманы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған