• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 17 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

29.11.2024
in Басты ақпарат
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Бәйдібек ауданында алдағы 4 жылда инвестициялық құны 25 млрд теңгені құрайын 27 ірі жоба іске асырылмақ. 2025 жылы жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын «Корпорация ERNUR» ЖШС-ң 860 мың басқа арналған құс фабрикасы іске қосылатын болады. Онда жылына 200 млн жұмыртқа шығарылып, 45 адамды жұмыспен қамту күтілуде. Сонымен қатар, өңірдегі Боралдай ауылдық округінде «Шаян» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін травертин тасын өңдейтін «Рамирта» ЖШС-і орналасып, 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. 2025 жылы тағы да травертин тасын шығаратын екінші кәсіпорынның жер телім құжаттары дайындалып, іске қосу көзделіп отыр. Бұл жайында Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Оқи отырыңыз...

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

«Бәйдібек ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 57,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 9,4%-ға жоғары. Сондай-ақ, жыл басынан бері ауданның негізгі капиталына 24 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл қорытындысымен көрсеткішті 29,4 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылық саласында да ауыз толтырып айтарлық жаңалық жетерлік. Бүгінгі күнге дейін аталған саладағы өнім көлемі 31,1 млрд теңгеге жетті» — деді спикер.

Бүгінгі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 5 520 бірлікті құрап отыр. Сонымен қатар, ел Президентінің «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында ауданда биыл 401 жұмыс орны ашылған. Айта кетейік, аудандағы жалпы халықтың 18 мыңы экономикалық белсенді. Оның ішінде 17 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудандағы инфрақұрылым саласында да бірқатар оң өзгерістер бар. Бүгінгі таңда аудандағы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 62,1% болса, жыл соңына дейін нәтижені 86%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының 97,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, ауданда 2024 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 5 елді мекенде 13 шақырым әуе желілері мен 512 бағана орнатылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

16.07.2025
Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған