Мемлекет басшысы өркениетті мемлекеттер қатарына қосылып, барлық жағынан бәсекеге қабілетті елдердің біріне айналу үшін байтақ еліміздің барлық аймақтарында озық технологияларды, инновациялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтып келеді. Бұл бағытта цифрландыру технологиясын барлық салаларға енгізудің маңыздылығы үлкен. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің көптеен түрлері цифрлық жүйелер арқылы көрсетіледі. Сондай халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудегі тиімді жобаның бірі «Сервистік әкімдік» жүйесі арқылы тұрғындардың электронды қызмет алуын қамтамасыз ету болып табылады.
Түркістан облысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын әске асыру бағытында көптеен іс-шаралар жасалынуда. Соның бірі цифрлық технологиямен мемлекеттік қызмет көрсетуді шалғай ауылдарда да енгізу шарасы. Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Сервистік әкімдік» жыл басынан бері мемлекеттік қызметтің 17 түрінен 3 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетті. 2022 жылы ашылған жоба — мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру, халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейді.
– Ақтөбе ауылдық округі елдімекен саны мен тұрғындары саны жағынан аудандағы ең ірі округтердің бірі. Ауылдық округі әкім аппаратында ашылған жоба арқылы жақын маңдағы ауылдық округінің тұрғындары да қызмет ала алады. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындардың дені 250, 270 нысандағы декларация тапсыру қызметін пайдалануда. Мұнда өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, — деді ауылдық округінің әкімі Ердаулет Жасұзақов.
Айта кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Келес ауданындағы ауылдық округтері «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшкен болатын. Мұнда тұрғындарға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметті пайдалануға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ қызметтерді алудың жеделдігі мен ыңғайлылығын арттыруға мүмкіндік береді. Қызметтерді электронды түрде алу мен электронды үкімет порталын қолданудың жолдары да үйретіледі.
Сол сияқты Келес ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ауданның Ақтөбе ауылдық округінде құқық бұзушылық профилактикасы талаптарын іске асыру барысы талқыланды. Онда аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларының ағымдағы жылдың бірніші жарты жылдығында атқарған жұмыстары сараланып, қылмыс және құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу бойынша мәселелер талқыланды.
– Қылмыс және құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу бойынша Ақтөбе ауылдық округінің Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Ынтымақ, Көгерту, Лесбек батыр, Ақжар, Қаратөбе елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткіздік. Жиын барысында түнгі рейдтік шараларды жаңдандыруды, зорлық-зомбылық, жол көлік оқиғалары, мал ұрлығының алдын-алу үшін ветеринарлық қызметкерлерімен біргелікте профилактикалық іс-шараларды жүргізу, жер қойнауын пайдаланушылардың заңсыз әрекеттерді болдырмауды, ретсіз күл-қоқыстар тастаған азаматтарды және коммерциялық мақсаттағы ғимарат иелерін анықтап айыппұл салу бойынша мәселелер көтерілді, — деді Ақтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Байдуалов.
Жиынға Ақтөбе ауылдық округ әкімінің орынбасарлары А.Байдуалов, Т.Искендеров Келес АПБ ЖПҚ аға УПИ полиция майоры Е.Пернешов, полиция аға лейтенанты М.Қожамберді, полиция аға лейтенанты Б.Мошқал, полиция аға лейтенанты И.Жәнібек, полиция аға лейтенанты М.Құрбан елді мекеннің тұрғындары, ауыл билері, белсенді азаматтар, мекеме басшылары қатысты.