• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

01.08.2024
in Құқық-заң

 Апостиль – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе  мөртаңбаның  түпнұсқалығын растайтын  арнайы мөртаңба.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

14.07.2025
ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ТІРКЕЛУІ БОЙЫНША АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ ТІРКЕЛУІ БОЙЫНША АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

10.07.2025

          «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы  аумақтық  органдары   көрсетеді.

          «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция (Гаага 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес әзірленді және «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі  мемлекеттік  қызметті  көрсету  тәртібін  айқындайды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге:

— «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта;

— «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде

—  Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі кеңсесі арқылы апостиль қоюға өтінішті  құжаттармен  бірге  береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;

4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін);

5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі);

6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;

2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;

3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).

Егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, жеке басты куәландыратын, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенін растайтын құжаттар туралы, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баждың  реквизиттері:

МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ МӨЛШЕРІ

әрбір апостиль қойылатын құжат үшін — 0.5 АЕК (1725 теңге)

 Г.АХМЕТОВА,

Арыс аудандық сот Әкімшісінің

басшысы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

15.07.2025
Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

15.07.2025
Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған