• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 18 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АССАМБЛЕЯ – КЕЙБІР АДАМДАР АЙТЫП ЖҮРГЕНДЕЙ, ЖАСАНДЫ ҰЙЫМ ЕМЕС

25.04.2024
in Руханият
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АССАМБЛЕЯ – КЕЙБІР АДАМДАР АЙТЫП ЖҮРГЕНДЕЙ, ЖАСАНДЫ ҰЙЫМ ЕМЕС

Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.
«Тасқын басталғаннан бері Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Оған бүкіл ел куә. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін дереу Ассамблеяның республикалық және аймақтық штабтары құрылды. «Жүректен жүрекке» деген ауқымды акция жүргізіліп жатыр. Апат аймақтарына 1500 тоннадан астам азық-түлік және ең қажетті тауарлар жолданды. Оның жалпы сомасы шамамен 770 миллион теңге болды. Су тасқынымен күреске этномәдени бірлестіктердің 12 мыңға жуық өкілі қосылды. Олар қайырымдылық және гуманитарлық көмек жинауға жұмылды. Сондай-ақ жұртты қатерден хабардар етуге және қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Мұның бәрі – өзара жанашыр және тілеулес болудың айқын көрінісі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарына арнайы барғанын, кездесу кезінде жұртшылық Ассамблея мүшелеріне зор ризашылық білдіргенін баса айтты.
«Ассамблея – кейбір адамдар айтып жүргендей, жасанды ұйым емес. Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз. Ассамблея мүшелері «Қайырымдылық керуені» жобасы арқылы мұқтаж жандарға үнемі қолдау көрсетіп жүр. Былтырдың өзінде құны 1,7 миллиард теңгеден асатын көмек берілді. Бірлігі мықты халықтың күш-қуаты азаматтардың бір-біріне деген осындай қамқорлығынан айқын көрінеді», — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты

17.09.2025
Президент Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды

Президент Қазақстан территориясы ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен екеніне назар аударды

17.09.2025
Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

Қазақстан Президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ашылуында сөз сөйледі

17.09.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Paryz» конфедерациясының жетекшілері Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

Представители конфедерации «Paryz» встретилась с предпринимателями Шымкента

18.09.2025
«Paryz» конфедерациясының жетекшілері Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

«Paryz» конфедерациясының жетекшілері Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

18.09.2025
ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: В ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ ПРОШЛИ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ УРОКИ В РАМКАХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

18.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған