Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Б.Абдрахман, Төлеби ауданы ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев, АТТ мүшесі аудандық «Нұр» мешітінің найб имамы Ж.Жаппаров және Аудандық білім бөлімінің мамандары Н.Қырбасов, Ә.Дарганова, Төлеби аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры М.Камалов. Леңгір қаласына қарасты, №1, №2 №7, ЖББМ жоғарғы сынып оқушылары арасында «Шетелде діни білім алудың қауіптілігі» бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесу соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.