Еліміздегі теологиялық білім берудің әлеуеті қандай?
Егер жастар діни білім аламын және сол салада еліміз үшін қызмет қыламын десе, діни білімді отандық діни оқу орындарында алған маңызды. Ата-аналар мен студенттер сапалы діни білім алу үшін Қазақстанның да мүмкіндіктері жоғары екенін білулері керек. Алғаш құрылған 2000 жылдан қазіргі кезге дейін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті елдің белді діни оқу ордасына айналып үлгерді. Бүгінде аталған білім ошағы қазіргі күннің талаптарына жауап беретін жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, исламтанушы мамандарын даярлаумен айналысады. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Теология» факультеті ашылып, онда теология және дінтану саласында сапалы мамандар даярлануда.
Сонымен қатар, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде еліміздегі жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ дінтанушы мамандар әзірлеуде.
Діни білімге қызығушылық танытқан талапкерлер үшін айтарымыз отандық діни оқу орындарында алған маңызды. Ата-аналар мен студенттер сапалы діни білім алу үшін Қазақстанның да мүмкіндіктері жоғары екенін білулері керек. Бүгінгі күні Қазақстанда бір ислам университеті мен 9 медресе-колледж, бұдан өзге православие мен католиктік діни семинариялар жұмыс істейді.
Қорыта айтқанда, қазіргі қоғамда жастардың діни білім алуға деген ынта мен жігері қуантады. Жастарымыз елді дамыту жолында діни әрі дүнияуи ілімдермен сусындаса тіптен жақсы. Түйіп айтқанда, болашағын дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастарға өз Отанында кәсіби білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған. Бүгінде мемлекет пен отандық оқу орындарының тарапынан шетелдің діни оқу орындарынан Отанға қайтып оралған қазақстандық студенттердің діни білімдерін жалғастыруын қамтамасыз ету үшін бірлескен шаралар қолға алынып отыр. Осы орайда, біз ата-аналардан тағы да балаларының шетелдің қандай діни орталықтарында білім алып жатқанын қадағалауды өтініп сұрар едік. Себебі, мұның жастар мен тұтас Қазақстан қоғамының рухани қауіпсіздігіне ықпал ететін мәселе екенін атап көрсеткіміз келеді.
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
директорының орынбасары Медет Халықов