Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде 12 тамыз күні «Тазалықты сақтайық»атты сенбілік іс- шарасы өтті. Шараға ауыл жастары, әкімшілік қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды NEWQAZAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Ауылымыздың тазалығын сақтайық!
Туған ауылымыздың тазалығы баршамызға ортақ!
Сенбілік аясында жиналып қалған күл-қоқыстар шығарылып, тал-дарақтар әктеліп, сынған, қураған ағаш бұтақтары реттелуде.
«Денсаулық – зор байлық» деп жатамыз. Сол байлықты сақтау үшін алдымен тазалықтың қажеттігін естен шығарып аламыз. Тазалық әр адамның өзінен басталса, әр үйдің ауласынан, әр көшенің бойынан, әр мекеменің айналасынан, әр ауылдың маңайынан басталуы керек. Күнделікті айтып, бұқаралық ақпарат құралдарында тазалыққа қатысты мақалалар жарияланғанына қарамастан әр ауылдың маңында апаттық күл-қоқыс тастау орны, әрбір мекемеде өздерінің санитарлық талаптарға сай әжетханасымен бірге, күл-қоқыс тастау (контейнер) орындары орналастырылғаны анықталуда. Сондай-ақ, көше бойына тасталынған құрылыс заттары да аудан орталығы мен елдімекендердің көркін бұзуда. Тазалық жұмыстарын жүргізген кезде ағаш жапырақтарын өртеуге болмайды. Өйткені бықсып жатқан ылғалды жапырақтардың түтіні ауаны ластап, атмосферадағы оттегі мөлшерін азайтады.
Бүгінгі таңда ауылдық округтердің орталықтарын көріктендіру, абаттандыру мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Көшелер жөнделіп, тал-дарақтар егілуде. Ендігі жерде ауданның әр азаматы өз ауласы ішінде тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, аудан аумағында өткеріліп жатқан сенбіліктерге белсене қатысып жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Кез келген ауылдың тазалық көрсеткiшi сол өңір тұрғындарының мәдени деңгейiн көрсетедi.
Сенбілікте ауылымыздың орталық стадионы шөп басқан жерлерді тазарту, көшеттерді суару жұмыстары жүргізілді. Қағаз-бөтелкелер жиналды.
Аудан әкімінің «Қоғамдық орындарды абаттандыру көгалдандыру, көгеріштендіру және санитариялық тазалықтың екі айлығын» өткізу туралы Қаулысына сәйкес аудан орталығы мен ауылдық округтерде әр аптаның сенбісінде сенбіліктер ұйымдастырылуда.