Қазығұрт аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Д.Қонаев көшесі бойында бекітіліп берілген аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізіп, арық-атаздарды тазалап, қоқыстарын шығарып сенбілік жұмыстарын жүргізді.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен құландықтар ерекше белсенділік танытуда.
Жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір қызметкерге бөлінген аумақты, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда.
Алдағы уақытта ауданды тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Жалпы, тазалық жұмыстары қаламызда үздіксіз жүргізіліп келеді. Алайда «Тазалық тазаланған жерде емес, ласталмаған жерде болады» демекші, тұрғындардың санасына тазалық сақтау мәдениеті орнықпайынша мәселенің тез шешілуі оңай емес екені белгілі. Сондықтан, қызметкерлер тұрып жатқан мекенін таза ұстауға атсалысса игі. Сонда ғана қаладағы жауапты мекемелердің жанкешті еңбегі көзге көрінер ме еді.
Тұрғындар арасында тұрғылықты жерін таза ұстау, ластануға жол бермеу, айналаны көгалдандыру жұмыстарына жұмыла атсалысатындай жаңа көзқарас қалыптастыруымыз керек. Ол үшін бір-бірімізге деген құрметтің де өзіндік орны бар.
«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді.
Сенбілік тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.