• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 1 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Жетісай мен Мақтаарал аудандарының бизнес өкілдерімен кездесті

03.04.2023
in Басты ақпарат
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Жетісай мен Мақтаарал аудандарының бизнес өкілдерімен кездесті

Жетісай мен Мақтаарал аудандарының кәсіпкерлерінің жекелеген күрделі және жүйелік мәселелерін шешу жолдарын талқылау мақсатында, бизнес өкілдерімен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың, заң қадағалау және құқық қорғау органдарының өкілдерімен Өңірлік кеңестің отырысы өтті. Кездесуді Өңірлік кеңестің төрағасы ашты.

Оқи отырыңыз...

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-не 20 жыл

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-не 20 жыл

31.05.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

30.05.2025
Қосымша білім беру ваучері: кәсіпкерлер өз пікірлерінің ескерілгенін қалайды

Қосымша білім беру ваучері: кәсіпкерлер өз пікірлерінің ескерілгенін қалайды

30.05.2025

«Бүгінгі жиынның басты мақсаты – сіздердің мәселелеріңізді тыңдау және оларды шешуге жәрдемдесу. Сонымен қатар, мәселерді шешуден бөлек, барша кәсіпкерлердің басын біріктіру мақсатын қойып отырмыз. Яғни кәсіпкерлер өздері бірігіп, мемлекеттік мекемелер немесе ұйымдардың өкілдерін шақыртып, проблемаларын жеткізе алады», – деді Нұралы Әбішов.

Кездесу жер мәселесімен басталды. «Алсеер» шаруа қожалығы төрағасы Аманқұл Мауленовтың айтуынша Жетісай аудандық тіркеу және кадастр бөлімінен тиісті 10 га суармалы жер учаскесі қазіргі таңда Мақтарал ауданының аумағына қарасты екендігі жайлы хат келген.

«Шаруа қожалықтың 10 га суармалы жері Қазыбек би ауылдық округі, Оспанов ауылынан тұрақты ортақ үлестік жер пайдалану құқығымен бөлініп берілген. Алайда Жетісай және Мақтаарал аудандарының бөлінуіне орай, тиесілі суармалы жердің мемлекеттік актіні жаңа нұсқасын рәсімдеу барысында, уәкілетті органнан тиісті құжатты ала алмай жүрмін», – дейді Аманқұл Мауленов.

Палата өз тұрғысынан тиісті әкімшілік аумақта мемлекеттік актіні даярлауды ұсынды.

Бірлескен шараның күн тәртібінде шағын және орта бизнес субъектілерін алаңдатқан өзекті  сұрақтар тыңдалып,  кәсіпкерлерге қысым көрсету, жұмыс барысына заңсыз араласу, әкімшілік кедергілер келтіру, негізсіз әуре-сарсаңға салу әрекеттерін болдырмау мәселелері қаралды.

Жиында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Қабыштаев бұл кездесудің маңыздылығын атап өтті.

«Бизнесті қорғаудың экожүйесі бойынша кәсіпкерге көрсетілетін қысымды азайту, сұраныстарын зерттеу, Үкімет пен бизнес арасында диалог орнату үшін ұсыныстарды талқылауға барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бүгінгі сияқты кездесулер бизнес үшін өте маңызды. Әсіресе кәсіпкерліктегі түйткілді мәселені шешуде мемлекеттік органдармен нақты өзара іс-қимыл механизмін жасауға мүмкіндік береді», – деді Орынбасар Қабыштаев.

 Сондай-ақ, жиында кәсіпкерлер табиғи газ жүйесі, ауыз су мен жанар жағар май тапшылығы, кеден мәселесіне, Gosagro.kz сайтының жұмысына шағымданып, дренаждық ұңғымаларды реконструкциялауды сұрады. Ауыл шаруашылығына берілетін несие алу шарттары мен бөлінетін субсидиялар, мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі турасында ұсыныстарын  ашық білдірді.

Кездесу соңында Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев бизнеске барынша көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Қазіргі экономика жағдайында еліміздегі барлық институттың бірігуі әрі Мемлекет басшысының тапсырмаларын бірлесе шешуі маңызды. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық жағдайларға жол бермеу, кәсіпкерлікті қолдау басты назарда.  Бұл ретте, Палата ашық диалог орнатуға және бизнесті жүргізуге  кері ықпал ететін мәселелерді бірлесіп шешуге әрдайым дайын», – деді Асылан Ибадуллаев.

Жетісай мен Мақтааралдық кәсіпкерлер тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштер тиісті мекемелердің назарына  алынып, бизнес өкілдеріне құқықтық көмектер көрсетілді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

Стартовал отбор в Президентский молодежный кадровый резерв

01.06.2025
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

01.06.2025
Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

01.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған