• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 15 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

31.03.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ

Бүгін Түркістан облысының сегізінші шақырылымдағы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, қатысты. Жиында облыстық мәслихат депутаттарына депутаттық куәліктері салтанатты түрде тапсырылды.

Оқи отырыңыз...

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

Орталық Азиядағы өңіраралық ынтымақтастық: Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025

14.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы болып Нұралы Абишев сайланды. Сонымен бірге Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары құрылып, мүшелері мен төрағалары сайланып, тұрақты негізде жұмыс істейтін төрағалары да анықталды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын мәлімдеп, өңірдің дамуы жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

– Барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше сегізінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын ашты. Мемлекет басшысы Үкімет пен депутаттарға дамудың нақты 8 бағытын айқындап берді. Осы бағытттар бойынша жұмыс істейміз. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толады. Осы уақыт аралығында облысты дамыту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Өнеркәсіп саласында облыс бойынша өнім өндіру көлемі былтыр 866 млрд. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Инвестиция көлемі өткен жылы 739 млрд. теңге құрап, 8,6%-ға өсті. Биыл өңірге 907 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Өңірдің әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жүйелі шаралар қабылдауымыз қажет. Кіріс көздерін ұлғайтып, өндіріс орындарын ашу үшін аудан, қала әкімдері, басқармалар, депутаттармен бірлесіп өңдеу өнеркәсібін, тау-кен өндірісін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқару – уақыт талабы. Осы ортақ, абыройлы жұмысты іске асыруға сіздер біркісідей ат салысады деп сенемін. Бұл ретте, депутаттарға тұрақты түрде сайлаушылармен кездесулер өткізу керек. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соны жергілікті билікпен бірлесіп шешу – басты мақсат. Сіздерді тұрғындардың өзекті мәселелерін шешіп, ел игілігі үшін бірлесе қызмет етуге шақырамын, – деді Дархан Сатыбалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Әділетті Қазақстанды құру бағытында жаңа сайлау жүйесін ұсынған болатын. Осы бастама іске асып, облыстық маслихатқа бір мандатты округ бойынша – 23 депутат, партиялық тізім бойынша – 23 депутат сайланды. Жаңадан сайланған депутаттық корпустың 12 мүшесі – ауыл шаруашылығы саласының, 11-і – бизнес саласының, 8-і – құрылыс саласының өкілдері болса, 5 мүшесі құқық қорғау органдарында қызмет атқарған, білім мен қоғамдық-саяси салаларынан 10 өкіл бар.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

14.11.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

14.11.2025
Президент Тоқаев еліміздің агросаласын дамытуға бағытталған нақты міндеттерді атады

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

14.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған