• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАНДА АДНАН МЕНДЕРЕСТІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

01.03.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАНДА АДНАН МЕНДЕРЕСТІҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жанында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Түркия Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аднан Мендереске арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Пеями Баттал және қала тұрғындары қатысты.

Облыс басшысы Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыруда бауырлас мемлекеттермен рухани байланысты тереңдетудің маңыздылығын айтып өтті.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

– Танымал саясаткер, Түркия Республикасының Премьер-Министрі қызметін атқарған Аднан Мендерестің Түркі жұртына ортақ тұлға екендігі баршамызға аян. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары қазақтардың Түркияға қоныстануына себепкер болып, 4 жылға жуық созылған қоныс аудару процесіне өзі басшылық еткен саяси тұлғаның тарихта алар орны бөлек. Сол заманда қазақ халқы үшін оңтайлы шешім қабылдап, қамқорлық танытқан Аднан Мендерестің есімін жаңғырту – біз үшін парыз! Осыған орай, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы көшелердің біріне Аднан Мендерестің есімі берілді. Бүгін сол іс-шара жалғасын тауып, тарихи тұлғаның ескеткішінің ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Күллі түркі жұртының рухани астанасы Түркістанда қос елге ортақ тұлғаның есімін жаңғырту – заңдылық. Биыл Түркияда жер сілкінісі болып, түрік бауырларымыз зардап шекті. Осы қиын шақта Қазақ халқы Түркиямен бірге екенін дәлелдеді. Президентіміздің тапсырмасымен қолдау көрсетілді. Бұл – екі бауырлас ел арасындағы терең байланыстың белгісі, – деді Дархан Сатыбалды.

Салтанатты жиында ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Айтыстың ақтаңгері Бекарыс Шойбеков екі елдің бірлігі туралы арнау айтса, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Пеями Баттал да жылы лебізін білдіріп, тұлғаны ұлықтаған қазақ халқына алғысын жеткізді. Зілзала салдарын жою үшін Түркияға қолдау көрсеткен Қазақстанның мейірбан жұртына, Түркістан өңірінің жанашыр тұрғындары мен басшылығына рахметін айтты. Іс-шараға қатысушылар Аднан Мендерестің ескерткіші маңындағы гүлзарға ағаш отырғызды.

Аднан Мендерес – түрік саясаткері, Түркияның премьер-министрі (1950-1960). Түркияны дамытуға үлес қосқан көшбасшыларының бірі. Сонымен бірге бұл саяси қайраткер Пәкстандағы қазақтарды Түркияға көшіруге ықпал етіп, қолдау көрсеткен. 1952 жылы басталған қазақ көші бірнеше жылға дейін жалғасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған