• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1237,2 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

08.02.2023
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 1237,2 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов айтты.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Оның сөзінше, Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елдімекен көшелерінің жалпы ұзындығы 17 503,9 шақырымды құрайды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі өткен жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 92%-ға жетті.

2022 жылы облыста 120 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның 37-сі — жаңа қоғамдық көліктер. Түркістан қаласында тасымалдаушылар есебінен 28 жаңа автобус сатып алынған. Облыстағы ескі қоғамдық көліктердің үлесі 49,4%-дан 47,4%-ға азайды. Сондай-ақ, 13 тұрақты бағыт ашылды. Оның 2-і — ауданаралық, 4-і — қалаішілік, 7-і — ауданішілік.

Брифинг барысында Ролан Бекмағамбетұлы автомобиль жолдары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы жоспарларын айтты.

– 2022 жылы жергілікті маңызы бар жолдар мен елдімекен көшелерінің 2094,9 шақырымы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жыл қортытындысымен 1 247,5 шақырым жол мен көше пайдалануға берілді. Ал Түркістан қаласының 39,3 шақырым көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жолдарды жөндеуде негізгі басымдық облыс орталығы мен үлкен елдімекендерді «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізімен қосатын және туристік бағыттағы жолдарға берілді. Ірі жобалардың бірі Түркістан-Шәуілдір бағытындағы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын жолдың 35 шақырымында қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы 16,2 шақырым жолдың бір бетіне 2 қабат асфальт жабындысы салынды. Түркістан қаласына Кентау қаласы жағынан кіреберіс 26 шақырым жолды қайта құру жұмыстары атқарылуда. Өткен жылы нысанға толық 2 қабат асфальт төсемі салынып, уақытша көлік қозғалысына берілді. Биыл қазан айында нысанды пайдалануға тапсыру жоспарлануда, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Қасқасу және Біркөлік елдімекендеріндегі туристтік нысандарға баратын 18 шақырым жол толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Отырар ескі қалашығына баратын 16,9 шақырым жол жөндеуден өтті. Сауран ауданын Түркістан қаласымен қосатын 97,8 шақырым жол жөнделіп жатыр. Оның 76,8 шақырымы толық пайдалануға берілді. Биыл қалған 21 шақырымы жөндеуден өтеді. Ал Түлкібас ауданының Келтемашат, Даубаба, Састөбе, Шұқырбұлақ, Майтөбе, Ынтымақ бағытындағы 70,5 шақырымды құрайтын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 37,6 шақырымы пайдалануға тапсырылса, биыл 32,9 шақырымына жұмыстар жалғасады.

Одан бөлек, Қазығұрт ауданындағы Тұрбат, Қақпақ, Қаржан, Жаңабазар елдімекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосатын 62,7 шақырымдық күре жолдар орташа жөндеуден өткізілді. Оның 56,7 шақырымы пайдалануға тапсырылса, 6 шақырым жолдағы жұмыстар ағымдағы жылға өтпелі.

Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елдімекендерін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдарда асфальт жабындылары жаңартылды.

Сайрам ауданындағы Таскешу елдімекені мен Созақ ауданындағы Таукент қалашығында жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылды. Сондай-ақ, тұрақты емес тасымалдау қызметіне 8 лицензия, шағын көлемді кеме жүргізушісіне 11 куәлік берілді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2023 жылы жергілікті маңызы бар жолдар мен елдімекен көшелерінің 1521,1 шақырымы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ. Жыл қорытындысымен 1237,2 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.

Сондай-ақ, биыл облыстың оңтүстігінде орналасқан Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Келес аудандарының жолдарын жөндеуге басымдық берілмек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған