• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 31 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ЖҰРТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

04.11.2022
in Басты ақпарат
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ ТҮРКІСТАН ЖҰРТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыкалық мектебінің мәжіліс залында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі түркістандықтармен кездесті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов модераторлық етті.

Оқи отырыңыз...

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері   

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері  

30.07.2025
ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

ТҮРКІСТАННАН АБАЙ ОБЛЫСЫНА КЕРУЕН АТТАНДЫ

30.07.2025
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Прошло очередное заседание Совета по защите прав предпринимателей

29.07.2025

Келелі басқосуға зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, облыс ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мүшелері, аудандық және қалалық кеңестің төрағалары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар қатысты.

Кездесуде алғаш болып сөз алған Дархан Қуандықұлы министрліктің атқарған жұмыстары мен жоспарлары жайлы баяндады.

— Бақ қарап, Қыдыр дарыған түгел түркінің төрі атанған киелі Түркістан жұртымен қауышқаныма қуаныштымын. Қастерлі Түркістан жаңарып, түрленіп келеді. Менің алғашқы еңбек жолым осы Түркістанда басталған. Қасиетті шаһар тек облыс орталығы емес, түркі жұрты үшін ортақ қала ретінде құнды. Біздің министрлік бірнеше саланы қамтиды. Атап айтқанда, қоғамдық даму, азаматтық қоғамды ілгерілету, этносаралық қатынастарды реттеу, дін мен жастар мәселесі, отбасы және ақпарат саласы. Мемлекет басшысының айтқан ашық әділетті қоғам қалыптастыру бастамасы – осы азаматтық қоғамды құрумен тікелей байланысты, — деді министр.

Дархан Қуандықұлы министрлік тарапынан азаматтық қоғамды дамытуға басымдық беріліп, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі арта түсетіндігін жеткізді. Мәселен биыл 1800-ге жуық әлеуметтік жоба қолдау тапқан. Мұнан бөлек, жастардың жайы да назардан тыс қалмайтындығын айтты.

— Бүгінде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жандануда. Діни бірлестіктердің саны да артып, этносаралық бірлік нығайып келеді. Бірлік пен бейбітшілік – біздің елдің басты байлығы. Жастарды жұмыспен қамтып, жастар санатын 29 жастан 35 жасқа көтеру бойынша заңға өзгерістер ену үстінде. Отбасы құндылығын арттыруға арналған «Мерейлі отбасы» сынды жобалар жалғаса бермек. Сонымен қатар, БАҚ саласында да біршама реформалар жасалады. Атап айтқанда, жақын болашақта журналистердің мәртебесі, БАҚ-ты қолдау, ақпараттың қолжетімділігі бойынша оң өзгерістер болады, — деді министр.

Сұрақ-жауапқа ұласқан жиында басқосуға келген жұрт ұсыныстары мен сауалдарын жолдады. Телеарналарда тағылымды, тәрбиелік мәні бар сериалдар мен телехабарларды көбейту, азаматтарды патриоттыққа жетелейтін жобаларды жүйелеу, дәстүрлі дінді ұстану, ұлттық тәрбиеге негізделген бастамаларды қолдау сынды ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі барша жиналған жұртқа алғысын білдіріп, барлық ұсыныстар назарға алынып, тиісінше жұмыстар атқарылатындығын айтты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН АУДАН БІРІНШІЛІКТЕРІ БАСТАЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТЗАЛ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН АУДАН БІРІНШІЛІКТЕРІ БАСТАЛДЫ

30.07.2025
САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

САУРАНДА ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

30.07.2025
САУРАН АУДАНЫНДА «VAPE OUT — ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «VAPE OUT — ЖАРҚЫН ӨМІРГЕ ЖОЛ АШ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

30.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған