• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА ПАРТИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

06.09.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА ПАРТИЯЛЫҚ АКТИВ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін рухани шаһарда «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының актив жиыны өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қолдау және насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру жайы талқыланды.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025

Мәжіліске Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «AMANAT» партиясы Түркістан өңірлік филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, партия филиалдарының Атқарушы хатшылары, партия ардагерлері мен мүшелері, БПҰ төрағалары, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Актив отырысын ашып жүргізген Б.Тәжібаев 5 бағыттан тұратын Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталды. Айтуынша, бұл жолы «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту арқылы ел экономикасына жаңа серпіліс беретін ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Ол аталған бағыт бойынша партияның қолға алған шаралары мен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

— Жолдау — елдегі саяси-экономикалық трансформациялаудың заңды жалғасы деп санаймын. Біз халық арасындағы жаңа лидерлерді анықтап, оларды саяси ұйым қатарына тарта отырып, партия амбассадорларына айналдыру, аудандардағы өзекті мәселелерді көтеру және шешу жолдарын қарастыру, партия мүшелерін ынталандыру мақсатында 2 жобаны жүзеге асырудамыз. Біріншісі — әртүрлі сала мамандарынан құралған командалар қатысатын «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны болса, кейінгісі «AMANAT – LIDER» пікірсайыс турнирі. Бұл жобалардың аудандық деңгейдегі іс-шаралары басталып кетті. Қарапайым партия мүшелері де бұл жобаларға қызығушылық танытуда. Ел Президенті мемлекеттік институттарды кешенді түрде қайта жаңғыртуға кірісті. Біздің партия филиалдары үнемі сайлауға дайындық үстінде. Олай дейтініміз былтырдан бастап аудандық филиалдар жергілікті жердегі ауыл әкімдерін сайлауға тікелей қатысуда. Бүгінге дейін облыс көлемінде 79 ауыл әкімі сайлауы өтсе, сайланған әкімдердің 95%-ы біздің партияластарымыз. Біз осы бастан өте қиын саяси кезеңдерден тұрақтылықты сақтап өтудің жоспарын қарастыруымыз керек, — деді Бейсен Дәулетұлы.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деп еңбек адамдарына қолдау білдірді. Осыған орай, Түркістан облысының білім және жеңіл өнеркәсіп саласына айтарлықтай үлес қосып жатқан қарапайым ел азаматтарының жаңа реформалар жайында ой-пікірлері тыңдалды.

Атап айтқанда, жеке қаражаты есебінен 9 балабақша және 8 мектепті салып, оқушылардың тегін білім алуына жағдай жасаған Низамхан Сүлейменов Жолдаудағы үшінші бағдар яғни сапалы білім беру және заман талабына сай мектептермен қамту мәселесін толық қолдайтынын жеткізді. Ал, Данияр Көбеев 10 жылдан бері тігін фабрикасын жүргізіп, ауыл шаруашылығы саласында біршама жетістіктерге жеткен. Ол агросала мен жеңіл өнеркәсіп үшін қосымша құн салығын есептеуде жеңілдіктер қарастырылуы керектігін атап өтті. Жолдаудағы кіші және орта бизнеске көрсетілетін қолдау бағыты жастардың кәсіппен айналысып, табыс арттыруына септігі мол екенін айтты. Сонымен қатар, Түркістан қалалық Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова да білім беру жүйесі бойынша облыс орталығында атқарылған жобалармен таныстырды.

Партиялық актив отырысын қорытындылаған Қайрат Рахымұлы еліміздің ұзақ мүддесіне сай жұмыс жасауды, Жолдауды жан-жақты насихаттауды, саяси мәселелерді жедел шешуді, партияның барлық күшін жұмылдыра отырып алдағы сайлауларға дайындық жүргізуді ұсынып, жиын қатысушыларын белсене атсалысуға шақырды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#AMANAT

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған