• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 19 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

20.07.2022
in Басты ақпарат
М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

Шымкентте тоғыз айда 160 мың жүргізуші куәлігі онлайн ауыстырылды

14.10.2026
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

12.10.2026
Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

Шымкент дүниеге келген сәбилер саны бойынша Қазақстанда төртінші орында

12.10.2026

Биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізген-ді. Онда тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалып, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы күтілуде. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді шешім қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген.

Сонымен қатар, әрбір ауданнан Қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын жоспардың орындалуын талқылап отырды. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда.

Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, жоспарларды баяндады:

🚰 Ауыз сумен қамту үшін 8 нысанның, кәріз жүйесінде – 19, электрмен жабдықтауда – 16, газдандыруда — 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде ауыз сумен қамту деңгейі – 99%, кәрізбен қамту – 60%, электрмен қамту – 99%, табиғи газбен қамту – 94,7% жететін болады.

💡 Мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 102 көшеге жарық тарту жұмыстары аяқталып, жарықтандыру деңгейі 43 пайыздан 57 пайызға жетеді.

⚠ Көлік кептелісін азайтып, жолдардың сапасын жақсарту мақсатында, 352 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары, 2 жолайрық құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7 пайыздан 2025 жылы 79 пайызға жетеді.

🚦 Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша бір мыңға жуық бейнебақылау камераларын (2021 ж. – 3 177 камера), заманауи 9 мобильді полиция бекеті орнатылып жатыр. Нәтижесінде 6 айда жалпы қылмыстардың саны 18,8 пайызға азайды.

💸 Мегаполис болғалы қала бюджеті 4 есеге артты. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жақсы тәжірибеге айналды. Өткен жылы 55 жобаға 1,2 млрд.теңге іске асыруға 3,9 млрд.теңге қаржы бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

Кездесу соңында қала басшысы тұрғындар сауалдарына жауап берді, сұрақтар хаттамаға енгізілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

В ТУРКЕСТАНЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ КНИГИ В ФОРМИРОВАНИИ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ НАЦИИ

17.10.2026
ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАППЕН КЕМЕЛДЕНГЕН ҰЛТ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

17.10.2026
ЕКІ ЖАҢА МОДУЛЬДІ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

ДВА НОВЫХ МОДУЛЬНЫХ СПОРТИВНЫХ ЗАЛА ОТКРЫЛИ В ШЫМКЕНТЕ

17.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған