• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 7 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Атқарушылық жазбаларды жасаудың тәртібі

11.07.2022
in Құқық-заң
Атқарушылық жазбаларды жасаудың тәртібі

2016 жылғы1 қаңтардан бастап «Нотариат туралы» Заңына өзгерістер еңгізілді. Заңдағы жаңашылдық – нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау құқығын беру болды.Қоғамда нотариустың атқарушылық жазбаны жасауына сұраныс бар, бұл өз кезегінде мәжбүрлеп орындау рәсімін айтарлықтай жеңілтетеді.
Жоғарда көрсетілген заңның 92-1 бабына сәйкес атқарушылық жазба немесе тиісті қаулы негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі: нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы; лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы; ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы; қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтаратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы; төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы; жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы; 9) жұмыскерге есепке жазылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы.
Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус берешекті белгілейтін құжатта атқарушылық жазба жасайды немесе тиісті қаулы береді. Атқарушылық жазба берешекті белгілейтін құжаттың көшірмесіне оның төлнұсқасы ұсынылған жағдайда жасалуы мүмкін, оған тиісті белгі қойылады.
Атқарушылық жазба жасағаннан кейін нотариус келесі жұмыс күнінен кешіктірмей борышкерге оның көшірмесін табыс етеді немесе жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін байланыс құралдарын пайдалана отырып, борышкердің электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе белгілі тұрғылықты (тұрған) немесе тіркелген жері бойынша жібереді.
Егер атқарушылық жазбаның көшірмесі борышкерге:
1) тараптар арасында жасалған шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына;
2)соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберілген болса, оның ішінде кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі, көрсетілген мекенжай бойынша адаммен тұрып жатқан басқа адам алған болса;
3) жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілген болса, ол алынды деп есептеледі.
Хабарлама адресатқа, алушыға оны табыс ету мүмкін болмағаны туралы белгісімен немесе оны қабылдаудан бас тартуға байланысты қайтарылған жағдайда, атқарушылық жазбаның көшірмесі тиісті түрде жіберілді деп есептеледі.
Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа хабарламасы бар мәлімделген талапқа қарсы қарсылығын жазбаша түрде жіберуге құқылы.
Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.
Атқарушылық жазбаның көшірмесін. борышкерге табыс ету туралы хабарлама келіп түскен кезде және егер белгіленген мерзімде борышкерден нотариусқа қарсылық келіп түспеген жағдайда, нотариус өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны береді не оның өтініші бойынша оны тиісті әділет органына не аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына немесе өндіріп алушы таңдаған жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.
Өндіріп алушыға берілген немесе жіберілген атқарушылық жазбаның көшірмесі нотариус жүргізетін істе қалады.
Сонымен қатар, атқарушылық жазбаның күшін жою және оған дау айту туындаған жағдайда, нотариус мәлімделген талапқа қарсы қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды.
Атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулының көшірмесі шығарылған күнінен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Заңның 92-6-бабына сәйкес өндіріп алушыға, борышкерге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс.
Егер жасалған атқарушылық жазба борышкердің қарсылығы бойынша нотариустың қаулысымен күшін жоймаса, оған дау айту сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Осылайша нотариустың атқарушылық жазбаларды жасауы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау барысындағы іс-әрекеттерді жеңілдетеді.
З.АЙТЖАНОВА,
Қызылорда облысы,
Арал ауданаралық әділет басқарма басшысының м.а.
ҚР «Заңгерлер одағының» мүшесі.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған