«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен қала тұрғындарын республикалық референдумға қатысуға шақырып ақпараттық-мәдени автокеруен жолға шықты. «ЖАСТАР, ӨЗГЕРІС ҮШІН ДАУЫС БЕР!» деген жазуы бар автобус қала көшелерін түгел жүріп өтеді.
Автокеруен құрамында елдің ертеңін ойлайтын белсенді жастар және танымал блогерлер бар. Тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру бүгінгі жастардың қолында. Санасы сергек, заманауи технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары, бәсекеге қабілетті әрі белсенді жастар көңілге қуаныш сыйлайды.
Жаңа Қазақстанды құруда еліміздің барлық азаматы белсенді болып, жарқын болашаққа жасалған қадамға жауапкершілік танытайық!
5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумда дауыс беріп, өз үлестеріңізді қосыңыздар! Баршаңызды референдумға қатысуға шақырамын!