• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 19 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

03.06.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жаңа Қазақстанның Конституциялық өзгерістері» тақырыбымен семинар өтті.
Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған семинарға сарапшылар, оқу орнының ұжымы мен студенттері қатысты. Басқосудың алғы сөзінде Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айтып, дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
«Есептеп қарасақ, еліміздің 45 жасқа дейінгі азаматтары Референдумда дауыс бермеген екен. Бұл халықтың басым бөлігі үшін алғашқы ауқымды шара болғалы тұр. Бірақ соңғы емес. Егер біз дәл осы жолы Президентімізді қолдап, саяси реформаларға дайын екенімізді көрсете алсақ, Жаңа Қазақстанымызды құруға жақындай түсеміз», — деді Асқар Тұрғанбаев.
Жиында заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Асхат Есеналиев ҚР Конституциясына енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндама оқи отырып, бірнеше баптарға жеке тоқталды. Асхат Есеналиев Конституциялық реформа қоғамның сұранысы мен ұсынысынан туындағанын айта келе, Президенттің саяси реформаларды жүзеге асыру мақсаты – билік пен халықтың арасында диалог құру екенін атап өтті.
Халықаралық университетте өткен семинарда студенттер де ой-пікірін ортаға салды. Басқосуда жастар азаматтық ұстанымын көрсетіп, санаулы күннен кейін болатын Референдумның мүмкіндіктеріне мән берді. Олардың сөзінше, жаңа реформалар халықтың билікке араласу үлесін арттыруға жол ашып, әділетті қоғамды қалыптастыруға негіз болады.
Сондай-ақ, жиын қатысушылары айтылған мәселелер бойынша сұрақ-жауап алмасып, Референдумның мәні мен маңызын талқыға салды.

Оқи отырыңыз...

Жаңа Конституция азаматтардың өзекті сұранысына жауап береді

Жаңа Конституция азаматтардың өзекті сұранысына жауап береді

18.02.2026

Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?

18.02.2026
Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

Түркістан облысында енді ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондауға болады

18.02.2026

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция азаматтардың өзекті сұранысына жауап береді

Жаңа Конституция азаматтардың өзекті сұранысына жауап береді

18.02.2026
Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңызы

Сот саласындағы мемлекеттік тілдің маңызы

18.02.2026
Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің маңызды құралы

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің маңызды құралы

18.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған