• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«WorldSkills Shymkent – 2022»: 48 СТУДЕНТ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

27.05.2022
in Басты ақпарат
«WorldSkills Shymkent – 2022»: 48 СТУДЕНТ РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының қалалық кезеңі қорытындыланды. Аймақтық чемпионат 20-27 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 15 колледждің базасында өндірістік кәсіпорындардың атсалысумен өтті.
Салтанатты шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кәсіптік колледждер көрмесін аралап, марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды құттықтады.
— Шымкент қаласы бойынша 36 колледжде 33 мыңнан астам студент білім алуда. Оның 11 мыңға жуығы мемлекеттік тапсырыс аясында тегін біліммен қамтамасыз етілген. Колледждердің техникалық-материалдық базасын нығайту кәсіптік маман иелерін даярлауда білім сапасына әсер ететіні анық. Республикалық «Жас маман» бағдарламасы аясында қаламыздағы бірқатар колледждердің базасы жабдықталды. Бүгін «WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі мәресіне жетіп отыр. Сайыстың тартысты өткенін қатысушылар арасындағы бәсекелестіктің, жұмыс сапасының артқанынан көріп отырмыз. Аймақтық кезең жеңімпаздары алдағы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық, Шанхайда өтетін халықаралық кезеңдерде де үмітімізді ақтап, жүлделі орындардан көрінеді деген сенімдеміз, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
WorldSkills – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Кәсіптік-техникалық мамандықтың сапасын арттыруға бағытталған жобаға Қазақстан 2015 жылы алғаш рет қатысып, халықаралық деңгейде жүлделі орыннан көрінген.
«WorldSkills Shymkent – 2022» чемпионатының аймақтық кезеңіне 46 құзіреттілік бойынша 176 үміткер қатысқан. Олар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша бақ сынады. Қатысушылардың конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады.
— Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері де чемпионатта бақ сынап, жүлделі орындардан көрініп отыр. Сайыс шартына сәйкес, мейрамхана сервисі бойынша үміткер 15 минутта майлықты 15 түрлі әсемдеп жинауы тиіс. Оның төртеуі классикалық үлгі, қалғаны өз қиялынан туындаған үлгілер болуы қажет. «WorldSkills-2021» байқауының республикалық кезеңінде үздік деп танылған студентіміз Дәуленбай Абылай Шанхайда өтетін халықаралық кезеңге дайындық үстінде.Ал, бүгін колледжіміздің студенті Бекарыс Бегимов республикаға жолдама алды, — дейді Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің оқытушысы Айнұр Қансейітова.
Айта кетейік, аймақтық «WorldSkills Shymkent — 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының үздік жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальмен марапатталды. Республикалық кезеңге 46 құзіреттілік бойынша 48 үміткер қатысады.
«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған