Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионы алаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов жәрмеңкені аралап, әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылады.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, халықты тиімді бағадағы қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу болып табылады.
Жәрмеңкеге жалпы 200-ден астам қала кәсіпкерлері және Түркістан облысының тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына сапалы және нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада азық-түлік өнімдері ұсынылады.
Жәрмеңке кәсіпкерлеріне сауда орны тегін ұсынылған. Мұндағы картоп бағасы 160-200 теңге, пияз 140-150, сәбіз 200-210 теңгеден әлеуметтік бағада, жылқы және сиыр етін 2200-2300 теңгеден саудаланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.