• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 14 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ NEET ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНДІ

31.03.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ NEET ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНДІ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы Мағжан Исахов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында өткен тікелей эфирде жастар саясатын жүзеге асыру барысын баяндады.
Мекеме басшысының сөзінше, қазір қалада жасы 14-29 аралығында 239 986 жас бар. Бұл қала тұрғындарының 21,7 пайызын құрайды. Орталық мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 13 бағыт бойынша жылдық жоспар түзіліп, оған қаланың барлық жастарын жұмылдыру көзделіп отыр.
Ал, шалғай елді мекендегі жастарды мәдени шараларға тарту үшін 2021 жылы 4 ауданды жастар орталығы ашылып, негізгі 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.
М.Исахов өз баяндамасында кейбір санаттағы жастарды жұмыспен қамту барысына да айтты. Орталық қаладағы кәсіпорындармен екі жақты меморандум түзіп, 2021 жылы пробация есебінде тұрған 84 жас тұрақты жұмысқа орналасқан.
Қаладағы жұмыс істемейтін, оқымайтын және жұмыс табуға тырыспайтын NEET жастары 6,7% яғни 14 875 жасты құрайды. (2020 жылдың қорытындысы бойынша 7,6%).
Биыл олардың санын азайту үшін наурыз айында арнайы тұжырымдама бекітілді. Тұжырымдама аясында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, бос уақыттарын тиімді пайдалану, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және оларға құқықтық көмектер көрсету жоспарланған.
Сонымен қатар, «Жастарға кеңес» жобасы аясында арнайы мобильді қосымша «Телеграм БОТ» бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама арқылы NEET санатындағы жастар туралы ақпараттық біріңғай платформа дайындалып, оларды мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа тарту тетіктері шешімін табатын болады.
Эфир барысында тұрғындардан 70-тен аса сұрақ келіп түсті. Келіп түскен сауалдардың дені жастарды жұмыспен қамту мен баспана мәселесі төңірегінде болды. Мекеме басшысы жастарға арналаған мемлекеттік қолдаулар туралы кеңінен мәлімет алу үшін ауданда құрылған жастар орталығынан консултация алуға кеңес берді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025
«Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі отырыс өтті

«Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі отырыс өтті

13.11.2025
ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – АУДАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – АУДАН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

13.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: жители Шымкента вносят вклад в улучшение экологического облика города

«Таза Қазақстан»: жители Шымкента вносят вклад в улучшение экологического облика города

13.11.2025
«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

13.11.2025

Бір ауыл – бір өнім

13.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған