• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 9 ноября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ө.ШӨКЕЕВ: «МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДАМУЫ АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ КӨРЕГЕНДІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

04.03.2022
in Басты ақпарат
Ө.ШӨКЕЕВ: «МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДАМУЫ АНАЛАРЫМЫЗДЫҢ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ КӨРЕГЕНДІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

Алып та, батыр да, көсем де, шешен де анадан туады. Ананың жағдайы жақсы, көңілі тоқ болса, ұрпақ та бақытты болмақ. Осы ұстанымды жоғары бағалайтын Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев елдің дамуына елеулі үлес қосқан ардақты әжелер мен ханымдарды, көпбалалы, ұл-қыздары спорт, өнер және қоғамның өзге де сан салаларында жетістікке жеткен абыройлы аналарды шақырып, мерекемен құттықтады. Көпбалалы аналарды да құрметтеді. Ерекше форматта өткен кездесуде шәй үстінде еркін әңгімелесіп, пікірлерін тыңдады.
– Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жер бетіне тіршілік таратушы аналар мерекесінің көктемнің алғашқы күндерімен тұспа-тұс келуі – заңдылық. Адам баласы анасының аяулы алақаны арқылы мейірімді, ақ сүті арқылы тіршіліктің нәрін сіңіріп өседі. Қазіргі таңда қыз-келіншектер тек отбасының ұйытқысы ғана болып қойма, қоғамның барлық саласында еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда облыста жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын нәзік жандылардың үлесі 30 пайыздан асты. Кәсіпкерлік саласындағы қыз-келіншектер саны да күн санап артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеулерінде, «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру бағытындағы тапсырмасында ел дамуының алғышарты ұрпақ тәрбиесінде екендігін де баса айтты. Мемлекетіміздің дамуы сіздердің ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі көрегенділіктеріңізге байланысты, – деген Өмірзақ Шөкеев аналарға құрмет көрсетті.
Әсерлі жүздесуде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың анасы Мухаббат Құдайбергенова, 2016 жылы Ақтөбе қаласында әскери бөлімге террорлық шабуыл барысында ерлікпен қаза тапқан батыр ұл Сапар Досболдың анасы Жұлдыз Құдабаева және өзге де аналар қатысып, ойлары мен ұсыныстарын айтты. Көпбалалы ана Гүлбаршын Бекетова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық «Аналар кеңесінің» төрайымы Дүйсенкүл Жамболова қоғамдағы қыз-келіншектердің рөлі, ұрпақ тәрбиесі, руханият саласына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Көпшілікке тракторшы қыз ретінде танылған жетісайлық Арайлым Құрашбек жастарға қолдау көрсету, еңбекті, өндірісті насихаттау жөнінде сөз қозғады. Жалпы кездесуге қатысқан ардақты аналар мен арулар Түркістанның қысқа уақытта түрленіп, әдемі шаһарға айналғанына таңданыстарын жасырмай, өңірді көркейтіп жатқан ел азаматтарына алғыстарын білдірді.
Жүздесуде мәнді әрі мағыналы ойлар, жылы әзілдер, ұрпақ тәрбиесі, ана мен баланың дамуы, ел бірлігін сақтау және өзге де тақырыпта ойлар қозғалды. Демографиялық өсімі Түркістан өңірінде елдің әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Дарияның арғы жағы, бергі жағы…

Дарияның арғы жағы, бергі жағы…

08.11.2025
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Состоялось очередное заседание Совета по защите прав предпринимателей

07.11.2025
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің кезекті отырысы өтті

07.11.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ДЕНДРОСАЯБАҚТА» КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

08.11.2025
Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

Қазақстан, Clearbrook және AG-Tech энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт салады

08.11.2025
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Cisco компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

08.11.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған