• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕН ШЕРЗОД ХАШИРБАЕВ ҚЫСҚА ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

25.01.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕН ШЕРЗОД ХАШИРБАЕВ ҚЫСҚА ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Он күннен соң Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді. Әлемдік жарыста қысқы спорттан ұлттық құрама сапында Шымкенттің намысын қорғауға Шерзод Хаширбаев аттанады. Аталған додада шымкенттік атлет фристайл-акробатикадан сынға түседі. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев мәлімдеді.
– 4-20 ақпан күндері Қытайда өтетін спорттық додаға қаламыздан бір спортышы лицензияға ие болып отыр. 19 жастағы Шерзод Хаширбаев Финляндияда өткен әлем кубогінде төртінші орынды жеңіп, олимпиада жолдамасын алды. Шерзод болашағынан үміт күттіретін спортшыларымыздың бірі. Ол Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем кубоктарының белгілі кезеңдерінен өтіп жүлдегер атанды.Сспортшымыз Алматыда ұлттық құрама спортшыларымен әлемдік додадаға дайындық үстінде. Қазір олимпиадаға баратын спортшыларымыз карантинге оқшауланып, дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр. Олар 27 қаңтарда Қытайға аттанады. Ал Пекин қаласында 10 ақпанда фристайлдан жарыстар басталады деп жоспарланған. Шерзод 16 ақпанда өнер көрсетеді деп күтілуде. Жас болса да, үлкен үміт күтеміз, — дейді Бауыржан Қалмұхамедұлы.
Басқарма басшысының айтуынша, Шымкентте қысқы спорт түрлері дамып келе жатыр. Қалада қысқы олимпиада резервін дайындайтын арнайы спорт мектебі бар. Мұз сарайында орналасқан мектепте спорттың төрт түрінен жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, шайбалы хоккей, шорт-трек, фристайл және мәнерлеп сырғанаудан атлеттер дайындалады.
Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал олимпиадалық команда құрамында елімізден 34 спортшы өнер көрсетеді. Спорт түрлеріне келсек, айтарлықтай өзгеріс жоқ 87 лицензиямыз бар. Осы аптада басқа спорт түрлері бойынша нақтыланады. Лицензиялардың басым бөлігін шаңғышылар (35), конькимен жүгірушілер (12) және биатлоншылар (12) жеңіп алды.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған